Ұлы Абай өнеріне құрмет

Ұлы Абай өнеріне құрмет

17.02.18 жылы Семей Мемлекеттік Медицина Университеті, Жалпы медицина мамандығының 533 тобы Акушерия және гинекология кафедрасының оқытушысы Алимханова Эльвира Құдайбергеновнаның кураторлық жетекшілігімен Ұлы Абай атамыздың шығармашылығы мен өнерін дәріптеу мақсатында “Жидебай-Бөрілі” мемлекеттік тарихи мәдени және әдеби -мемориалдық қорық мұражайына барып қайттық. Қорық-мұражайдың негізгі қызметі – Абай өмірі мен шығармашылығын және оның ақындық-өнер айналасын, сол замандағы тарих пен мәдениет құбылыстарын, заттық, құжаттық жәдігерлерді зерттеу, сақтау, насихаттау, қорғау болып табылады. Іс шара барысында “Ұлы Даланың Ұлы Ақыны” деректі фильмін тамашалап ұмытылмас әсер алуға мүмкіндік болды. Тағы бір мәрте ерекше тұлғаның ерекше өміріне тәнті еткен мұражай деректерімен танысып, Ұлы ақын, композитор, философ, саясаткер, ағартушы, қазақтың реалистік жаңа жазба әдебиетінің негізін қалаушысының біз білмейтін сырларымен таныстық. Өлмейтұғын артына сөз калдырған…" – дейді. "Адам өлмес" дегеннің мағынасы өзі өлсе де, кейінгіге сөзі, айтқан ойы калады деген пікірге саяды. Абай "Өлең сөздің патшасы" өлеңінде "сөз түзелді, тыңдаушы сен де түзел!" -деп жүртшылықтан ақындық сөзге зор маңыз беріп қарауын, поэзияның жоғары қоғамдық міндетін түсіне білуін талап етті. Осы сөзді толық түсіне білетін саналы ұрпақ болу міндетіміз екенін түсіне білу бізге парыз.
Алимханова Эльвира Кудайбергеновна
Акушерия және гинекология кафедрасының ассистенты.
Макина Ажар 533 топ студенті

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқушылар