Қысқы бір күндік демалыс

Қысқы бір күндік демалыс

2018 жылдың ақпан айының 10 жұлдызында,яғни сенбі күні «Абайтану ұйымының»мүшелері және  (110,137,210,218 топ студенттері) Семей қаласының «Қысқы демалыс орталығында» бір күндік демалысымызды өткіздік.

Бұл шараның өткізілу мақсаты- студенттер арасында салауатты өмір салтын қалыптастырып қана қоймай, студенттерге жақсы көңіл – күй сыйлау,бір күндік серуен өткізу.

Табиғат аясында осындай демалыстар өткізу, ой – өрісімізбен қатар денсаулығызды нығайтады. Сондықтан, бұндай іс- шараны жиі- жиі өткізіп тұруды жөн санаймыз.

« Қысқы демалыс орталығында» дем алу студенттердің көңілінен шықты деп айтуға болады. Бұнда біз шаңғы, коньки теуіп,биік  таудан сырғанадық.

Сенбі күнгі демалысымыз естен кетпестей ерекше өтті. Ерекше өтуіне кәсіподақ ұйымының төрағасы Н.С. Смаиловқа алғыс білдіреміз. Ұйымның қолдауымен тегін шаңғы теуіп, жаураған студенттер ыстық шаймен бой жылытты. Барлық студенттер шаттық көңіл- күйге бөленіп, жақсы әсермен қайтты.

 

 «Абайтану» ұйымының мүшелері

және жетекшісі Жайрбаева Ж.Қ

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқушылар