Студенттердің ынтасын арттыру

Студенттердің ынтасын арттыру

Кез келген студентте оқудың бір кезеңінде мотивация мәселесі пайда болады. «Бұл маған не үшін керек?», «Жалығып кеттім», «шаршадым, ары қарай оқуға күш жоқ» және т.с.с. Бұндай ойлар көбінесе семестрдің ортасында немесе соңында пайда болады. Сол уақытта адамның күші азайып, ал жүктеме азаймай, керісінше, артып жатады. Барін қойып, демалыс жариялауға болады, бірақ ол мәселені одан сайын арттырып, басқа да қиындықтарға әкеледі. Олай болмас үшін оқуға деген ынтаны (мотивация) жоғарылатамыз.

Американың үздік университетінің бірі Гарвард университетінде бұл проблемаға өте байыппен назар салған. Сенімділігі төмендеген, күмәнданып жүрген студенттер үшін мотивациялық тұжырымдамалар тізімі бар, ол не үшін оқу керектігін еске тісіріп, одан сайын жақсы оқуға талаптандырады.

Гарвард студенттерінің мотивациялық тұжырымдар тізімі

  • Егер де сен қазыр ұйықтап қалсаң, әрине сен түсіңде арманыңды көрерсең. Егер де сен  ұйқының орнына оқуды таңдасаң, онда сен арманыңды іске асырасың.
  • Бәрі мүлдем кеш деп ойласаң, негізінде бәрі әлі де ерте.
  • Білім алу азабы тек уақытша, білімсіздік азабы – мәңгілік.
  • Оқу – ол уақыт емес. Оқу – ол күш салу.
  • Өмір – тек оқудан ғана түрмайды, дегенмен егер сен өмірдің осы бөлігін өте алмасаң, басқа не нарсеге қабілетің жетеді.
  • Күш салып, жігер күшін жұмсау жағымды сезімдер сыйлауы мүмкін.
  • Барлығын ерте және көп күш жұмсаған адам ғана өзінің жеңісіне рахаттана алады.
  • Барлығынан жетістіктерге жету барлығының қолынан келмейді, бірақ жетістік тек өз-өзіңді жетілдірумен, шешімділікпен келеді.
  • Уақыт тез өтіп кетеді.
  • Болашаққа инвестиция (күш, уақыт, қаржы) салатын адам – реалист.
  • Сенің болашақта алатын жалақың сенің біліміңе тура пропорционалды.
  • Бүгінгі күн ешқашан қайталанбайды.
  • Қазір сенің жауларың құмарлана кітап оқып жатыр.
  • Тер төкпей, табыс таппайсың

Сіздерді білмеймін, жеке өзім психология кітаптарымды алып, қайта оқып шыққым келіп кетті.

Ал сіздер қалай өз мотивацияларыңызды көтересіздер?

 

Психолог-социолог: Асылбекова А.М. 

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқушылар