Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың  Қазақстан халқына Жолдауын  оқуға арналған кураторлық сағат

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын оқуға арналған кураторлық сағат

Тағамтану және гигиеналық пәндер кафедрасында «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығынын 401,404 топ студенттерімен біріктірілген кураторлық сабақ өткізілді.  «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығынын 401 топ студенті  Мұратқанова Г.  2018 жылдың 10 қантарында шыққан  «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан Республикасының Президенті Н.А.Назарбаевтың  Қазақстан халқына Жолдауы тақырыбына презентация дайындады, онда Президенттің халыққа қойған  10 басты мақсаттары туралы баяндады.

Ел басының қойған мақсаттарының әр біреуі кураторлық топ студенттерімен талқыланды, білім алу және медициналық қызмет көрсету сұрақтарына ерекше көңіл аударылды.

Тағамтану және гигиеналық пәндер кафедрасының доценті  Токешева Ш.М.,  оқытушы Бейсенгазина М.Б.

Жарияланды: