«Ғылыми зерттеулердің негіздері» атты қоғамдық денсаулық сақтаудың қысқы мектебі

«Ғылыми зерттеулердің негіздері» атты қоғамдық денсаулық сақтаудың қысқы мектебі

2018 жылдың 19 ақпанында Семей қаласының Мемлекеттік медициналық университетін жетілдіру жобасы аясында «Ғылыми зерттеулердің негіздері» атты қоғамдық денсаулық сақтаудың қысқы мектебі ашылды. Мектеп қатысушылары алдында жоба менеджері – қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасының оқытушысы, магистр Тусмағанбетова Д.Г.  жобаның мақсаттары, міндеттері, сондай-ақ Қысқы мектептің бағдарламасы туралы айтып берді.

«Ғылыми зерттеулерді жоспарлау» тақырыбында дәріс оқыған Қоғамдық денсаулық сақтау кафедра оқытушысы Қайратова Г.К.

Қоғамдық денсаулық сақтаудың қысқы мектебін ұйымдастыру және өткізу Семей қаласының ММУ кәсіподақ төрағасы Н.Смайловтың қаржылық қолдауымен жүзеге асырылды. Студенттер-тындаушылар есте қаларлық Университет логотипі бар сыйлықтарға ие болды.

Жарияланды:
Рубрикалар: Ғылыми жұмыс