ҚР Президенті Н.Ә Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауымен таныстыру жұмыстары

ҚР Президенті Н.Ә Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауымен таныстыру жұмыстары

2018 жылдың 16 ақпанында Семей қ. ММУ, жалпы медицина факультетінің 4 курсының 424 топ студенттері және «Ішкі аурулар» кафедрасының доценті Шаханов Т.Е  қатысуымен, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауымен танысып, оның негізгі тараулары бойынша пікір алмасу мақсатында баяндама оқылды.

Бұл отырыста жолдауда белгіленген 10 пункт бойынша бекітілген мәселелер талқыланды.

Еліміздің 2050 жылға дейінгі Даму стратегиясы бойынша, 100 нақты қадам Ұлт жоспары аясында жүргізіліп жатқан, индустрияландыру саласындағы атқарылып жатқан жұмыстар және «Рухани жаңғыру» бағытында өткізілген іс-шаралар айтылды. Іс-шара барысында барлық студенттер өз ойларын білдіріп қана қоймай, елбасымызды бұл бастамада толығымен құптайтындығы туралы сөз етілді. . Қабылданған «Цифрлы Қазақстан бағдарламасымен» таныстырылды. Жолдаудағы берілген пункттер бойынша бүкіл қоғам болып жұмыстар жүргізілу қажеттілігі атап өтілді. Қазақстанның жарқын болашағы жолында осыны әрбір Қазақстандық терең түсінуі қажет.

Төлеуханов Думан

424 топ. ЖМ

Жарияланды: