«№1 жатақхананың үздік бөлмесі» байқауы

«№1 жатақхананың үздік бөлмесі» байқауы

24.02.2018 ж  СММУ№1 жатақханасында дипломға дейінгі білім беру деканатының жоспарына сай үздік бөлме байқауы өткізілді. Байқауды өткізу үшін арнайы комиссия мүшелері құрылды: ДДББ декан орынбасары -Жылкыбаева А.Ш., ДДББ декан орынбасары Жакупбекова Э.А. кәсіподақ ұйымының төрағасы Смаилов Н.С., кураторлар кеңесінің төрайымы Табулдинова Г.Н. СӨӨБ: Ортбаев Ернур, Жаныбеков Ерасыл, Жаң

  Байқаудың мақсаты студенттерді жатақхана мүлкіне ұқыптылықпен қарап, жатақханада тұру ережелері мен тәртібін сақтау, сонымен қатар, бөлме интерьері, бөлмедегі тазалық пен әдеміліктің сақталуын бақылау болатын. Комиссияны жұмысының нәтижесінде  жатақханадағы  келесі бөлмелер үздік деп танылды:

1 орын– бөлме №225 (Жарылқап Арайлым  2 курс ЖМ, Серікқызы Бұлбұл 2 курс, «Мейірбике ісі» мамандығы);

2 орын – бөлме №217 (Ризабек Аяжан, Бахтиярова Алинур 2 курс, «Жалпы медицина» мамандығы);

2 орын – бөлме  № 100 (Жарымбаева Аяжан, Курабай Аружан, Турарова Гулдана 1 курс «Жалпы медицина» мамандығы)

3 орын – бөлме №223 (Бекмурат Ерке 2 курс, «Жалпы медицина» мамандығы);

3 орын – бөлме №327 (Мадриков Қуанышбек 2 курс «Жалпы медицина» мамандығы).

   Жеңімпаздарға кәсіподақ ұйымының төрағасы Смаилов Н.С қолдауымен ақшалай сыйлық, мадақтамалар берілді. Байқауға қатысушы барлық студенттерге алғысымызды білдіреміз! Сіздерге ары қарай да жатақханадағы өз бөлмелеріңізді таза және әдемі ұстап басқаларға үлгі бола білулерініңзге тілектеспіз!

 

Дипломға дейінгі білім беру деканы орынбасары  Жакупбекова Э.А.

 

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқушылар