Рухани жаңғыру жастар назарында.

Рухани жаңғыру жастар назарында.

Наурыз айының 3-4 жұлдызында Алматы қаласының Қазақ Ұлттық Аграрлық Университетінде “Зиялы Қазақ" пікір сайыс клубының ұйымдастыруымен “Рухани жаңғыру жастар назарында" атты республикалық турниры өтті. Аталмыш турнирға Алматы, Астана, Тараз, Қарағанды, Актөбе, Қызылорда және Семей калаларынан 64 фракция қатысты.  Ерекше ұйымдастырылған бұл турнирде “Салауат" дебат клубының дебатерлері де бақтарын сынады. Нəтижесінде, жалпыкомандалық 1 орынға ие болды, ал  Каметаева Еркежан «Линкольн – Дуглас» форматының чемпионы атанды. Оңтүстіктің мықтыларын мойындатқан “Салауат" дебат клубының алар асуы алда екені сөзсіз. Алматыдан қоржындарына кубок салып келген дебатерлер сəуір айында  өтетін “Salauat Cup Vl" турнирін ерекше көңілмен ұйымдастыруға кірісіп кетті.

«Салауат» дебат клубының үйлестірушісі Е. Жумашева

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқушылар