КОЖ және стоматология мамандықтарының түлектерімен кездесу

КОЖ және стоматология мамандықтарының түлектерімен кездесу

06.03.2018 ж бас ғимараттын №1 дәріс залында дипломға дейін білім беру деканатының декан орынбасары Дюсембаева А.С. және әдіскері Хасенова К. Ж.  КОЖ және стоматология мамандықтар бойынша соңғы курс студенттерімен жиналыс өткізді. Күн тәртібінде қысқы емтихан сессиясының қорытындысы бойынша мәселелер, студенттердің университет алдындағы барлық қарыздарын жою қажеттілігі (кітапханадағы оқулықтар, студенттік билеттердің жоғалтып алуы және т.б.), «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Мейірбике ісі», «Фармация» мамандықтарының түлектерін жұмысқа орналастыру мәселелері жайлы айтылды. Студенттер «Білім беру грантын беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 58 қаулысымен таныстырылды. Сондай-ақ көктем мерекесі қарсаңында қауіпсіздік ережелерін және ішкі ережелерді сақтау туралы әңгіме жүргізілді.

 

 

Декан орынбасары Дюсембаева А.С.

Әдіскер Хасенова К.Ж.

Жарияланды: