Отандық фильм – “Алтыншы бекет”

Отандық фильм – “Алтыншы бекет”

Наурыз айының 17 күні жалпы медицина факультетінің 532 топ студенттері м.ғ.к., РЖА профессоры Адильгожина Салтанат Муратбековнамен бірге бүгінгінің батырларын дәріптеу және оларды ел алдында құрметтеу мақсатында түсірілген отандық фильм – "Алтыншы бекет" кинотуындысына барып қайтты. Кинотуындыда осыдан 8 жыл бұрын Ақтауда болған қанды оқиға мен сертіне адал сарбаз Ербол Отарбаевтың ерлігі баяндалады. Бейбіт күннің батырларын жастарға  өнеге қылу, оларға шексіз құрмет көрсету – бір ұлылық. Бұл өскелең ұрпақтың патроиоттық сезімін оятары анық. "Алтыншы бекет" кинотуындысы дәл осы мақсатта түсіріліп, Отанға адал, сертке берік, мақсатқа айқын қол созуға тәрбиелейді. Жастарды жат ағымның жетегінде кетпеуге шақырады. Достық пен махаббат, қайсарлық пен екіжүзділік, жалған сенім де бар.

Барлықтарыңызды Отандық киноны қолдауға, рухани және тәлім-тәрбиесі мол аталмыш киноны көруге шақырамыз.

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқушылар