Қазақстан Инновациялық университетіндегі институционалдық аккредитация

Қазақстан Инновациялық университетіндегі институционалдық аккредитация

2018 жылы наурыз айының 12 – 14 аралығында Қазақстан Инновациялық университетінде институционалдық аккредитация өтті. Сыртқы бағалау (аудит) сарапшылар қатарына э.ғ.к., профессор Курмангалиева Айгуль Шарапиевна,  Мәскеу мемлекеттік педагогикалық университетінің мектепке дейінгі педагогика және психология факультетінің деканы п.ғ.к., доцент Парамонова Маргарита Юрьевна, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің тәрбие жұмыс жөніндегі проректор п.ғ.к., доцент Ровнякова Ирина Владимировна, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің оқу – әдістемелік бөлімінің бастығы, э.ғ.к Куангалиева Турсынзада Куангалиевна, «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Семей қаласындағы филиалының директоры Адильжанов Ардак Адилгазыевич, білім беру ұйымдарының аудиті департаментінің директоры п.ғ.к, доцент Ахмадиева Жанна Куанышевна кірді. Студенттердің өкілі ретінде сарапшылар  қатарына Мемлекеттік медицина университетінің Қоғамдық денсаулық сактау факультетінің 4 курс студенті Шакантаева Назерке Юзатовна болды.

Бірінші күнң жоғарғы оқу орынның президенті мен құрылтайшыларымен, проректорлармен, құрылымдық бөлімшелерінің жетекшілерімен, институт директоры мен кафедра меңгерушілерімен және де профессор – оқутышылар құрамымен кері байланыс алу және университеттің қызметі тұралы мәлімет жинау үшін интервью өтті. Университеттің визуалды тексеруі жүргізілді: құрылымдық бөлімшелерді, кафедраларды, кітапхананы, спорт залды және студенттер үйін көрдік.   

Екінші күні сарапшылар тобының мүшелері сабақ пен тәжірибе базаларына барды. Магистранттар, түлектер және жұмыс берушілермен интервью өтті. Сарапшылар жоғарғы оқу орынның құжаттарымен жұмыс жасады, кешенді талдау жасап оң және теріс тараптар шығарды.

Үшінші күні сарапшылар тобы аккредитацияның қорытындысын шығарды. Сарапшылар тобының жетекшісі  Курмангалиева Айгуль Шарапиевна аккредитацияның нәтижелерін оқыды.

Маған аккредитацияға қатысуға мүмкіндік бергеніне Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігiне және университетіме үлкен алғысымды білдіремін. Мен үшін ол бүкіл өміріме зор тәжірибе мен үлкен мотивация болды.

 

Қоғамдық денсаулық сактау факультетінің 4 курс студенті Шакантаева Назерке Юзатовна

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқушылар