Наурыз – көктем мен молшылық мерекесі!

Наурыз – көктем мен молшылық мерекесі!

Наурыз – табиғаттың жаңару күні. Бұл біздің халқымыз үшін айрықша мереке және осы Наурызға байланысты көптеген салт-дәстүрлер қалыптасқан. Наурыз мейрамы неғұрлым молынан атап өтілсе, үйге соншалықты молшылық пен жетістік енеді деп есептеледі.  Бұл нанымдар мерекелік салт-жоралар мен әдет-ғұрыптардың көптігін түсіндіреді. Қазіргі уақытта Наурыз мейрамы көктемнің, еңбек пен бірліктің белгісі болып табылатын ұлттық мереке. Бүгін күні бұл мереке көпұлтты Қазақстандағы барлық халықтарға бірдей қымбат. 19 наурыз күні проф.С.О.Тапбергенов атындағы биохимия және химиялық пәндер кафедрасында кураторлар Б.С.Советов, К.Т.Сыдықованың басшылығымен 223,220 кураторлық топтардың ұйымдастыруымен ежелгі дәстүрлерді көрсете отыра, мерекелік шара – Наурыз мейрамы аталып өтті. Мерекеге кафедра оқытушылары, дипломға дейінгі деканат қызметкерлері, шетел бөлімінің студенттері шақырылды.

Студенттер дәстүрлі қазақ билерін, әндерін және қазақ ұлттық дәстүрін «Тұсаукесер» қойылымын көрсете отыра,  мерекелік концерт ұйымдастырды. Гүлдену мен молшылықты бейнелейтін ұлттық тағамдар қойылған дастархан жайылды. Наурыз мерекесі өте сәтті өткенін атап айту керек: көңілді және қуанышты көңіл-күй ешкімді бей-жай қалдырмады, мерекенің әрбір қатысушысының рухында көктемді оятты. Мерекелік шара өте көңілді әрі қызықты өтті, ұйымдастырушыларға алғыс айтамыз!

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі баршамызға құтты болсын, бақыт әкелсін! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!

 

Кафедра кураторлары Советов Б.С., Сыдыкова К.Т.

Жарияланды:
Рубрикалар: Қоғамдық өмір