М.ғ.д., профессор Мусин М.Н. еске алуға арналған «Студенттік ғылым және денсаулық» атты 60-шы Республикалық ғылыми-тәжрибелік  конференция

М.ғ.д., профессор Мусин М.Н. еске алуға арналған «Студенттік ғылым және денсаулық» атты 60-шы Республикалық ғылыми-тәжрибелік конференция

2018 жылдың 13-14 наурыз  Семей қ.ММУ м.ғ.д., профессор Мусин М.Н. еске алуға арналған «Студенттік ғылым және денсаулық» атты 60-шы Республикалық ғылыми-тәжрибелік  конференция өтті. Конференция IX секция бойынша өтіп, IX секция «Тәрбие жұмысы» бойынша комиссия мүшелері: Дипломға дейінгі білім беру деканы А.С.Оразалина, декан орынбасары Жакупбекова Э.А., жастар ісі жөніндегі комитет маманы Кульгимбаева А.Ш., доктор PhD, балалар аурулары кафедрасының ассистені Қозыкенова Ж.У.  аталған секция бойынша қатысқан студенттердің 9 ғылыми жұмыстары тыңдалып, бағаланды.   

Секцияға әр түрлі мамандықтан және әр курстың студенттері қатысты. Жасалған баяндаманың жалпы саны 9. Студенттердің жұмыстары  қызықты, мазмұнды және өзекті болды. Сабақ барысында және емтихан сессиясы алдында студенттрдің эмоционалды және психологиялық қалпын анықтау үшін сауалнама әдісін қолдана отырып зерттеулер жүргізілген, тренингтер өткізілген; тұлғаның дамуы, өзіндік құрметтеуі, жоғары оқу орнының студенттеріне НҚА  білудің маңызы, оқу процессінде электронды оқу құралдары мен оқулықтарды пайдалануды бағалау сияқты тақырыптар талданды. Студенттер өздерінің зерттерген тақырыптары бойынша біліктіліктерін, шешендік өнерлерін, өздерінің көз қарастарын қорғай білуді, қорғалып отырған жұмыстарының тәжрибелік мәнін көрсетіп, мәселені шешу жолдарын көрсетіп, сонымен қатар, өздерінің ғылыми жұмыстарының оқу және тәрбие жұмысындағы маңыздылықтарын көрсете білді.

1 орын- 5  және 1 курс  «Жалпы медицина» мамандығы Салкенова Айым Айдаргалиевна, Талғатова Бекзат Талғатқызы баяндама тақырыбы: «Транзактирлі анализ эффективтілігі мен Семей қ. ММУ 1 курс студенттерінде эмоционалды орныққан деңгейінің таралуы».

2 орын – 2 курс «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығының студенттері Төребекова Мамыр Сымбатқызы, Жаңбыршын Аруай Құрманғазықызы «Медициналық университет студенттерінің психологиялық жағдайы».

3 орын-  2 курс «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығының студенттері Казезбеков Ерасыл Ермуканұлы, Калдыбаева Айым Ерикқызы баяндама тақырыбы «Электронды оқулықтардың білім беру саласында тиімділігін бағалау».

Конференцияның салтанатты жабылуында 1,2,3 орын иеленген жеңімпаз студенттер марапатталып, конференцияға қатысушы барлық студенттер арнайы сертификаттар алды.

 

ДДББ деканы Оразалина А.С.

ДДББ декан орынбасары Жакупбекова Э.А.

Жарияланды:
Рубрикалар: Ғылыми жұмыс