Наурыз – көктем мерекесі!

Наурыз – көктем мерекесі!

Қазақстанда Наурыз мерекесі құнарлық, достық пен махаббатты білдіреді.   Дәл осыны 240 топтың студенттері біздің университетіміздің шетелдік студенттеріне көрсетуді қалады, сондықтан 2018 жылдың 20 наурызында «Жалпы медицина» факультетінің ағылшын бөлімшесінің 240 және 253 топтарының студенттері Наурыз мерекесіне орай іс-шара өткізді. Сонымен қатар бұл іс-шараға екі топтың кураторлары – Іңкәр Окімханқызы және Жұлдыз Түреханқызы қатысты.

Бұл іс-шараның негізгі мақсаты шетелдік студенттерге қазақ халқының дәстүрлерін көрсету және Наурыз мерекесінің пайда болу тарихы жайлы айтып беру. Сондай-ақ, адамдарға қуанышты көңіл-күйін сыйлайтын, бейбітшілік пен бүкіл халықтың бірлігін көрсететін, әндермен толтырылған қазақ мерекесі атмосферасын құру болды.

Мерекелік дастарханның басты тағамы қуаныш, сәттілік, даналық, денсаулық, әл-ауқат, жылдамдық, өсім және құдайдың қорғауын білдіретін 7 ингредиенттен тұратын «Наурыз көже» болды. Үстелде қазы, шелпек, талқан, қымыз, кұрт, ірімшік сияқты ұлттық тағамдар да ұсынылды. Үндістандық студенттер осы тағамдардан дәм татып, өздерінің сезімдерін сипаттады.

Шетелдік студенттердің пікірінше, бұл іс-шара өте қызықты болды, студенттер біздің мерекеміз туралы жаңа ақпаратқа қуанышты болды және алғыстарын білдірді. Сондай-ақ, шара соңында 240 топ студенттері қазақтың ұлттық биі «Қара жорғаны» биледі, ал шетелдік студенттер оларды өздерінің ұлттық билерімен қуантты.

Кәсіподақ комитетінің төрағасы Н.С.Смаиловқа шетелдік студенттермен бір дастархан басында отырып және бірлігімізді сезіну мүмкіндігі үшін терең ризашылығымды білдіргіміз келеді.

 

 Дүзікенова Жадыра, 240 топ «Жалпы медицина».

Жарияланды:
Рубрикалар: Қоғамдық өмір