ЕЛБАСЫНЫҢ ЖАЛАУ ЕТКЕН ЖОЛДАУЫ

ЕЛБАСЫНЫҢ ЖАЛАУ ЕТКЕН ЖОЛДАУЫ

2018 жылдың наурыз айының 12 күні физиологилық пәндер кафедрасында доцент м. а., м.ғ.к. Рахыжанова С.О. кураторлық  205 және 230-топ «Жалпы медицина» мамандығының студенттерімен Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты ағымдағы жылға жоспарланған жолдауын талқылау мақсатында кураторлық сағат өткізілді. Кураторлық сағаттың мақсаты: жалпы стратегиялық жолдаудың жалпы қағидаларын, 2018 жылғы 10 қаңтардағы жолдауында көрсетілген алдағы жоспарлар мен мақсаттарды талқылап, Елбасының осы уақытқа дейінгі атқарған істері негізінде Қазақстанның жаңа тарихының бет -бейнесін көрсету.

Бүгінде елімізде мемлекет басшысының жолдауы белсенді талқылануда. Өз кезегінде бізде өзіміздің білім беру ордамыз аясында ортақ іске үлес қосқанды жөн санап отырмыз. Себебі жолдау саяси мәселе ғана емес, сонымен қатар еліміздің әрбір тұрғынының өміріне қатысты , себебі жолдау – мемлекеттің тағдыры.

Тыйылғандай дағдарыста, даму да

Жылынғандай қаһарлы қыс, қарың да

Елбасының елге арнаған жолдауы

Жанымызға нұрлы шуақ құйғандай,- демекші Елбасымыздың жалау еткен Жолдауына әрбір қазақстандық жүгінуге міндетті. Біз үшін Отаннан асқан байлық, Отаннан асқан дәулет жоқ. Ендеше сол Отанымыздың тәуелсіздігін сақтап одан әрі дамуына баршамыз үлес қоса білейік.

 

Физиологиялық пәндер кафедрасы

Доцент м.а., м.ғ.к. Рахыжанова С. О.

205 және 230 «Жалпы медицина» мамандығының топтары

Жарияланды: