«Мамандық таңдау ең маңызды мәселе»

«Мамандық таңдау ең маңызды мәселе»

Наурыз айының 16 жұлдызында 205 және 230 «Жалпы медицина» мамандығының студенттері Семей қаласындағы дарынды балаларға арналған "БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ" Шығыс Қазақстан облыстық арнайы лицейінде «Мамандық таңдау – ең маңызды мәселе» тақырыбында дәріс жүргізді. Іс-шараның негізгі мақсаты мектеп оқушыларын негізгі қажетті мамандықтармен таныстыру және кәсіби бағдар бойынша, болашақ оқу орнынан дерек және кеңес беру. Студенттер дайындаған мәлімдемеде, Қазақстандағы сұранысқа ие 10 мамандық тізімімен таныстырып, ол мамандықты дұрыс таңдау және мамандық таңдау кезінде қиындықтар туралы мәлімет пен кеңестер берілді. Сонымен қатар, видеороликтер көрсетіліп, брошюралар таратылды. Сергіту мақсатында, тренинг өткізіліп, оқушылар өздерінің қай мамандық типіне жақын екенін анықтады. Мұндай шараны алдағы уақытта басқа да мектептерде ұйымдастыру жоспарымызда бар.

Физиологиялық пәндер кафедрасы

Доцент м.а., м.ғ.к. Рахыжанова С. О.

205 және 230 «Жалпы медицина» мамандығының топтары

 

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқушылар