Ұлы Наурыз

Ұлы Наурыз

22 наурызда 147 және 158 топ студенттері Наурыз мерекесіне қатысты. Олар алғаш рет қатысқан. Студенттер ұлттық ойындар ойнады – «бес тас», «асық» және басқалар. Жеңімпаздар жұбаныш сыйлықтарымен марапатталды. Сонымен қатар, студенттер қазақтың ұлттық музыкасын тыңдап, ұлттық билерді тамашалады. Студенттер қазақтың ұлттық тағамдарын – Наурыз көже, бауырсақ, шелпек және тағы басқа тағамдардын дәмін татып көрді. Оларға киіз үй және оның безендіруі – бесик, көрпе, әдемі перделер, аюдың, қасқырдың, түлкінің терілері, ұлттық ыдыс аяқ  ерекше әсер қалдырды.

Дәстүр бойынша біздің студенттер қала тұрғындарының алдында концерт берді. Әдеттегідей, олар қол шапалақпен марапатталды. Өздерінің  би мен әндерден басқа, олар қазақ тілінде бірнеше нөмірді орындады. Жүргізушілер концертті үш тілде жүргізді. Бәрі жақсы көңіл-күйге – әндер, билер, ойындар, тіпті ауа райыда  әсер етті.

 

 қазақ және латын тілдері

кафедрасының оқытушысы

147, 158 топтарының кураторы,

Шакирова Б.Т.

Жарияланды:
Рубрикалар: Қоғамдық өмір