«№3 жатақхананың үздік бөлмесі» байқауы

«№3 жатақхананың үздік бөлмесі» байқауы

27.02.2018ж  СММУ№3 жатақханасында дипломға дейінгі білім беру деканатының жоспарына сай үздік бөлме байқауы өткізілді. Байқауды өткізу үшін арнайы комиссия мүшелері құрылды:ДДББ декан орынбасары Рымбаева Т.А.,  ДДББ декан орынбасары -Жылкыбаева А.Ш., ДДББ декан орынбасары Жакупбекова Э.А. кәсіподақ ұйымының төрағасы Смаилов Н.С., кураторлар кеңесінің төрайымы Табулдинова Г.Н.СӨӨБ: Өртбаев Ернур, Жаныбеков Ерасыл.

Байқаудың мақсаты студенттерді жатақхана мүлкіне ұқыптылықпен қарап, жатақханада тұру ережелері мен тәртібін сақтау, сонымен қатар, бөлме интерьері, бөлмедегі тазалық пен әдеміліктің сақталуын бақылау болатын. Комиссияны жұмысының нәтижесінде  жатақханадағы  келесі бөлмелер үздік деп танылды:

Бесінші қабаттың үздік бөлмесі – 504 бөлме, төртінші қабаттың үздік бөлмесі -405, 418 бөлмелер, үшінші қабаттың үздік бөлмесі – 306 бөлме.

Жеңімпаздарға кәсіподақ ұйымының төрағасы Смаилов Н.Сқолдауымен ақшалай сыйлық, мадақтамалар берілді. Байқауға қатысушы барлық студенттерге алғысымызды білдіреміз! Сіздерге ары қарай да жатақханадағы өз бөлмелеріңізді таза және әдемі ұстап басқаларға үлгі бола білулерініңзге тілектеспіз!

 

Дипломға дейінгі білім беру деканы орынбасары Рымбаева Т.А.

Жарияланды:
Рубрикалар: Қоғамдық өмір