Наурыз-  жаңару   мен молшылықтың   мерекесі

Наурыз- жаңару мен молшылықтың мерекесі

Наурыз мейрам –   табиғаттың жаңарып, ұйқыдан  ойанған шағы. Қазақ халқы Наурыз мерекесін айрықша бағалап, оны жыл сайын тойлап отыруды салт-дәстүрге айналдырған.Ұлыстың ұлы күнін қазақ елі  әрқашан қасиетті,  киелі  деп санаған. Наурыз- жалпыхалықтың көктем мерекесі, бірлік пен достықтың мерекесі.  20 наурыз күні  қазақ және латын тілдері кафедрасының оқытушысы М.С.Нургазина жалпы медицина факультетінің  117  кураторлық тобымен  Наурыз мерекесіне  байланысты «Наурыз-жыл басы» атты  іс-шара өткізді.  Іс-шараға қазақ және латын тілдері кафедрасының оқытушылары мен  кураторлық топ студенттері қатысып, салт-дәстүрлер туралы ойындар ойнап викториналық сұрақтарға жауап берді.

 

 

Қазақ және латын тілдері кафедрасының оқытушылары мен

117 топ кураторы М.С.Нургазина

Жарияланды:
Рубрикалар: Қоғамдық өмір