«Жалпы медицина» мамандығының 1 курс старосталарымен кездесу

«Жалпы медицина» мамандығының 1 курс старосталарымен кездесу

2018жылы 12 наурыз айында 1 курс «Жалпы медицина» мамандығының старосталарымен дипломға дейінгі білім беру деканатының деканы А.С. Оразалина және декан орынбасары Т.А. Рымбаева және 1 курс әдіскері А.С. Бужееваның қатысуымен «Старостат» өтті.

Старостатта келесідей мәселелер қараcтырылды:

  1. Қысқы емтихан сессиясының қортындысымен таныстыру.
  2. Студенттердің универститеттегі сырт киім үлгісі.
  3. Наурыз мейрамына дайындық
  4. Студенттердің үлгерімі (ақпан айының аттестациясы)

Жиналыс барысында А.С.Оразалина студенттерді 2017-2018 оқу жылының қысқы емтихан нәтижесімен таныстыра отырып, пәндердің сапалық көрсеткіші мен салыстырсалы көрсеткішіне ерекше көңіл бөлді. Сонымен қатар, курстан курсқа  өту балымен GPA таныстыра отырып,  алдын ала жасалған GPA төмен студенттердің тізімін көрсетіп, атап өтті. Айнаш Сапарқызыстуденттерді  2018 – 2019 оқу жылында курстан курсқа өту балының  (GPA) жоғарлайтынын ескертіп, студенттерге сабақтан қалмай, сабаққа күнделікті дайындалу керектігін ескертті. Ақылы негізде оқитын студенттер қатарына оқу ақысының мәселесі жөнінде ескерту айтылып, олармен де жеке әңгіме жүргізілді. Студенттредің сыртқы келбеті де назардан тыс қалмады, логатипінің өзгерілуіне байланысты кейбір студенттерге халаттарына жаңа логатип тігілуі талап етілді және университетке турникет арқылы жеке өздерінің  рұсаттама қағаздарымен кіру керектігі ескертілді. Қысқы емтихан нәтижесі бойынша, орташа балдары жоғары болып мемлекеттік грантқа ие болған студенттерді таныстырып құттықтап өтті.

Сөз соңында, бәріне бақылау жүргізетін, жастардың тәрбиесіне ерекше көңіл бөлетін декан Оразалина Айнаш Сапаровна мен декан орынбасары Т.А. Рымбаева және 1 курс әдіскері А.С. Бужеева  студенттерге екінші жартыжылдықта көрсеткіштерінің одан әрі жоғарылап, тек жақсы деңгейлерді көрсете берулерін сұрады.

 

ДДББ деканатының 1 курс әдіскері А.С. Бужеева

Жарияланды: