Наурыз – көктем мейрамы

Наурыз – көктем мейрамы

Наурыз тек Қазақстанда ғана емес, көптеген Азия елдерінде де басты мерекелердің бірі болып табылады. Көне заманнан жаңару, табиғат пен адамның үйлесімділігі мен бірлігі мерекесі. Сондықтан медицина университетінің студенттері Наурыз мейрамын 22 наурызда бірге өткізді.

Наурыз мейрамын ұйымдастыруына деканат қызметкерлері, кураторлар, оқытушылар мен студенттер бірлесіп қатысты. Бұл мерекені жарқын әрі жылы етіп жасау үшін бәрі де өз үлестерін салуға тырысты. 2018 жылы 22 наурызында студенттер, университет қызметкерлері мен қала тұрғындары үшін әуесқойлық қойылым концерт ұйымдастырылды. Ректор баршаны шын жүректен құттықтап, бақыт пен өркендеуге тілек білдірді.

Студенттер би билеп, өздерінің туған және қазақ тілдерінде ән айтты, балалар ойын ойнады. Іс-шараның жүргізушілері 1 курс белсенділері – Смритхи Кришнан Срисива, Билла Акхил және Чанда Картхик болды. Бірінші курс студенттері Қазақстанда алғаш рет осындай ауқымды мерекеге қатысты. Сондай-ақ, іс-шараны ұйымдастыруға шетел бөлімінің студенттік үкімет өкілдері қатысты. Университеттің ауласында киіз үй қойылды да, әркімнің ішіне кіріп, халық музыкасын тыңдауға, дәмді тағамдардан дәм татуға және де жай ғана көңіл көтеруге мүмкіндігі болды. Сонымен, Наурыз барлық курстар мен аймақтардың студенттерін, кураторларды, мұғалімдерді және қаланың қарапайым тұрғындарын біріктірді.

 

Уристемова А. К., шетел бөлімінің әдіскері

Жарияланды:
Рубрикалар: Қоғамдық өмір