«Жалпы медицина» мамандығының 2 курс студенттерімен кездесу

«Жалпы медицина» мамандығының 2 курс студенттерімен кездесу

2018 жылы 26 наурызда №2 дәріс залында  «Жалпы медицина» мамандығының 2 курс  студенттерімен  жиналыс өткізілді. Жиналысқа дипломға дейінгі білім беру  деканы, доцент Оразалина А.С., декан орынсабары  Жакупбекова Э.А., әдіскер  Абилкасимова А.М. қатысты.

Күн тәртібінде:

  1. 2017-2018 оқу жылындағы қысқы емтихан нәтижесі.
  2. Ақылы семестр.
  3. Топ тойынша рейтингі (Үздік топ)
  4. 2017-2018 оқу жылындағы GPA.
  5. Грантқа ауысу.
  6. Әртүрлі:
  • Оқу ақысы
  • 2018-2019 оқу жылына GPA жобасы
  • Курс қозғалысы

Жиналыс барысында А.С.Оразалина студенттерді 2017-2018 оқу жылының қысқы емтихан нәтижесімен таныстыра отырып, «Биохимия», «Микробиология», «Физиология негіздері» пәнінің сапалық көрсеткіші мен салыстырсалы көрсеткішіне ерекше көңіл бөлді. Сонымен қатар, курстан курсқа  өту балымен GPA таныстыра отырып,  алдын ала жасалған GPA төмен студенттердің тізімін көрсетіп, атап өтті.   Айнаш Сапарқызы студенттерді  2018 – 2019 оқу жылында курстан курсқа өту балының  (GPA) жоғарлайтынын ескертіп, студенттерге сабақтан қалмай, сабаққа күнделікті дайынықпен келу керектігін ескертті.    Ақылы негізде оқитын студенттер қатарына оқу ақысының мәселесі жөнінде ескерту айтылып, олармен де жеке әңгіме жүргізілді.  Студенттердің сыртқы келбеті де назардан тыс қалмады, логатипінің өзгерілуіне байланысты кейбір студенттерге халаттарына жаңа логатип тігілуі талап етілді және университетке турникет арқылы жеке өздерінің  рұсаттама қағаздарымен кіру керектігі ескертілді. Қысқы емтихан нәтижесі бойынша, орташа балдары жоғары болып мемлекеттік грантқа ие болған студенттерді таныстырып құттықтап өтті.

Үшінші жартыжылдықтың аяқталуына байланысты сессия қортындысы бойынша жалпы көрсеткіштері мен пән бойынша, жеке топтар бойынша былтырғы оқу жылымен салыстырмалы түрде таныстырып, жоғарғы көрсеткіштерге ие болған топтарды ерекше атап, марапаттап өтті. Атап айтатын болсақ, топтар көрсеткіші бойынша үш ағылшын тобы және бір қазақ тобы: 1 орында 240, 2 орында 241, 3 орында 225, 242 топтарға сертификаттар табысталды. Жоғарғы көрсеткіш көрсеткен топтар мен студенттерге өз кеңестері мен ақ-тілектерін айтып, көрсеткіштерінің жоғарылай беруін тілеп, ерік-жігер мен рух берді.

Сөз соңында, бәріне бақылау жүргізетін, жастардың тәрбиесіне ерекше көңіл бөлетін декан Оразалина Айнаш Сапаровна мен декан орынбасары Жакупбекова Эльмира Айткалиевна, әдіскер Абилкасимова Арайлым Муратхановна   студенттерге төртінші жартыжылдықта көрсеткіштерінің одан әрі жоғарылап, тек жақсы деңгейлерді көрсете берулерін сұрады.

 

 

2 курсқа жауапты әдіскер Абилкасимова А.М

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқушылар