2017-2018 жылғы қысқы емтихан сессиясы қорытындысы бойынша жалпы жиналыс

2017-2018 жылғы қысқы емтихан сессиясы қорытындысы бойынша жалпы жиналыс

2018 жылдың наурыз айының 26-ы күні жалпы медицина мамандығында білім алатын 2-курс студенттерінің 2017-2018 жылғы қысқы емтихан сессиясы қорытындысы бойынша жалпы жиналыс өтті. Жиналыс барысында студенттердің үлгерімі, GPA мәселесі қозғалды. Емтихан сессиясы қорытындысы бойынша 2-курс студенттері өздерінің оқу үлгерім деңгейін көрсетті. Осы курста білім алатын 42 топ арасында жоғары білім сапасын көрсеткені үшін жалпы медицина факультетінің 225-топ студенттері 3-орынға ие болып, арнайы сертификатпен марапатталды. Топ жетекшісі физиологиялық пәндер кафедрасының оқытушысы Садыкова Эльмира Амангельдыевна. Кафедра оқытушылары 225-топ студенттеріне жақсы тілектерін білдіріп, алдағы уақытта да ақ жол тіледі.

Физиологиялық пәндер кафедрасы

Топ жетекшісі: Э.А.Садыкова

ЖМ 225-топ студенттері

 

Топ жетекшісі: Физиологиялық пәндер кафедрасының оқытушысы   Садыкова Э.А.

ЖМ 225-топ студенттері

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқушылар