«ОЯТҚАН МЕНІ ЕРТЕ –ШЫҒЫС ЖЫРЫ» АТТЫ ҚАЛАЛЫҚ ЖАС АҚЫНДАР МҮШАЙРАСЫ

«ОЯТҚАН МЕНІ ЕРТЕ –ШЫҒЫС ЖЫРЫ» АТТЫ ҚАЛАЛЫҚ ЖАС АҚЫНДАР МҮШАЙРАСЫ

Ұлтымызды рухани жаңғыруға үндеген Елбасы айтқан көркем сөзбен құнды ойлары рухымызды түлетіп, саналарды сілкіндірері хаһ. «Мен халқымның тағылымы мол тарихы мен ерте заманнан арқауы үзілмеген ұлттық салт-дәстүрлерін алдағы өркендеудің берік діңі ете оты­рып, әрбір қадамын нық басуын, болашаққа сенім­мен бет алуын қалаймын».- деп көрсеткен болатын.

Дала данышпаны, кемеңгер ойшыл, Алаш арысы, ақиық ақын Шәкәрім Құдайбердіұлының 160-жылдығы мерекесіне орай Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтің  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында көрсетілген міндеттерді орындау мақсатында ұйымдастырылған  «Оятқан мені ерте –Шығыс жыры» атты қалалық жас ақындар мүшайрасы университетімізде 2018 жылдың 30 наурызында қазіргі заманғы Қазақстан тарихы және ЖББП кафедрасының аға оқытушысы Купанова Салтанат Ахметқалиқызы мен Жастар ісі бойынша комитеттің маманы Күлгімбаева Арайлым Шаймұратқызының басшылығымен ұйымдастырылды.

Мүшайраны өткізуде бірнеше мақсаттарды өзек еттік.  Ақындық- сөз өнерінің аса қастерлі саласы, шығармашылық қуат пен шынайы таланттың биік өлшемі, жыр құдіретінің жарқырап көрінер әсемдік әлемі ретінде таныстыру.  Поэзиядай бекзат өнеріміз арқылы  талантты  жастардың көзін ашу, отансүйгіштікке тәрбиелеу, қолдау көрсетіп халыққа таныту. Кемеңгер ойшыл, ұлттық әдебиеттің көрнекті өкілі,  ақын, жазушы тарихшы Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылық мұраларын зерделеу.  Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»  мақаласы  аясында  ұлттық сананы көтеру, қазақтың тілі мен тарихын, өнері мен мәдениетін қазақ жастарының бойына сіңіру.

Жыр додасына Семей қаласының жоғары оқу орындарының студенттері  қатысты.  Қазылар алқасының шешімімен қатысушы  үміткеркерлер алдын-ала іріктеліп алынды.

Мүшайраға қатысушы ақындардың әдеби тіл байлығына, мәдениетіне, тақырыпты дұрыс аша білуіне, жырдың көркемдігіне ұтқыр сөз, ұтымды ойларына мән берілді. Мүшайраға қатысушы ақындар 2 өлең оқыды: 1.Тақырыптық өлең.  «Адамдық борышың –халқыңа еңбек қыл» (Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылығына араналады). 2. Еркін тақырып.

Әділқазылар алқасының құрамына  республикалық айтыстар мен жыр мүшайраларының лауреаты,  Халықтық «Ой-сана» ақындар орталығының жетекшісі Молдабеков Серік Рысбекұлы- әділқазы төрағасы, Семей қ. Мемлекеттік медицина университетінің қазақ және латын тілдер кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты- Жороқпаева Мейрамгүл Досанқызы, Абайдың Жидебай-Бөрлі мемлекеттік қорық музейінің ғылыми қызметкері, республикалық жыр мүшайраларының жеңімпазы, халықаралық «Шабыт» фестивалінің дипломанты – Біржан Ахмер кірді.

Қазылар алқасы өлеңнің мазмұнына және оның көрерменге шеберлікпен жеткізілуін басты назарда ұстады. Ақынның жеке шығармашылық мүмкіндігін толық ашуы, сөздік қорының молдығы, жырларының тақырыпқа сай болуы есепке алынды.

Мүшайраға   ақтық сынға 10 ақын іріктеліп алынды.  Мүшайра қорытындысы төмендегідей қорытынды бойынша аяқталды:

Бас жүлде – Мұхтар Әуезов атындағы педагогикалық колледждің студенті – Серікжан Қажытай

1 орын – Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеттің студенті Райымбек Өмірбаев пен Қазақ инновациялық гуманитарлық заң университетінің студенті   Ерік Омарғалиев.

2 орын – Семей қ. Мемлекеттік медицина университетінің студенті Бекзат Талғатова , Мұхтар Әуезов атындағы педагогикалық колледждің студенті  Байқуат Қуатбайтегі.

3 орын – Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеттің студенті Гүлім Жакина, Мұхтар Әуезов атындағы педагогикалық колледждің студенті  Хамида Саметова, Қазақ инновациялық гуманитарлық заң университетінің студенті  Қуандық Оралхан.

Арнайы жүлде- Семей қ. Мемлекеттік медицина университетінің студенті -Мерей Болатқанов, Мұқан Төлебаев атындағы музыкалық колледждің студенті – Қуаныш Мақсұтов .

Кәсіподақ комитетінің бастығы Смаилов Нүрбек Саденовичтің қаржылай және заттай көмек беруі арқасында ақтық сынға қатысушы барлық ақындар ақшалай марапатталды. Әр қатысушыға дипломдар мен алғыс хаттар берілді.

 

Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы және ЖББП кафедрасының аға оқытушысы Купанова С.А.

Жарияланды:
Рубрикалар: Қоғамдық өмір