ПРЕЗИДЕНТТІҢ БЕС ӘЛЕУМЕТТІК БАСТАМАСЫ

ПРЕЗИДЕНТТІҢ БЕС ӘЛЕУМЕТТІК БАСТАМАСЫ

Елдің жаңа қадамдары бүкіл халқымызға, мемлекетіміздің барша адамдарына жақсы ықпал етеді. Қазіргі таңда қоғам өз тағдырын Қазақстанмен тығыз байланыстыра отырып, ел болашағын жоспарлаудың жаңа мүмкіндігіне ие  болуда. Осы мақсатта еліміздің президенті Н.Ә.Назарбаев  5  наурызда «Бес әлеуметтік бастама» атты халыққа үндеуін жолдады. Бұл үндеуде бес әлеуметтік бастаманы ұсынды:

Бірінші бастама: «Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру».

Екінші бастама: «Жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын көбейту үшін олардың салық жүктемесін азайту».

Үшінші бастама: «Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту».

Төртінші бастама: «Шағын несие беруді көбейту».

Бесінші бастама: «Елді газбен қамтамасыз етуді жалғастыру».

Осы бастамаларды таныстыру мақсатында Қазіргі Қазақстан тарихы және жалпы білім беретін пәндер кафедрасында стоматология факультетінің 102,103,104 топтарының қатысумен кафедра оқытушылары іс-шара өткізді.

Аға оқытушы С.А. Купанова елбасымыз жолдаған үндеудің негігі бастамаларын түсіндіріп өтті.  Студенттер өздерінің қызықтырған сұрақтарын баяндама соңында қойды.

 

Қазіргі Қазақстан тарихы және ЖББП кафедрасының 

аға оқытушысы С.А. Купанова

 

Жарияланды: