Психологы Асылбекова А.М қатысуымен тренинг

Психологы Асылбекова А.М қатысуымен тренинг

29.03.2018 ж 143 топ кураторы А.С. Бужеева және университеттің  психологы Асылбекова А.М қатысуымен тренинг өткізілді. Тренингке барлығы 16 студент қатысты. Тренинг бірінші курс студенттерінің коммуникативтік дағдыларын дамытуға және де қиын өмірлік жағдайда пайда болатын стрестік жағдаймен күресудің жолдарымен таныстыруға бағыттылды. Куратордың және психологтың сұрауы бойынша әр студенттен әр түрлі қиын ситуациялық жағдаймен қалай күресетіндері туралы сұраққа жауап алынды.

Психологиялық тренинг өткізу барысында студенттер , ұйымдаса отырып  өз ойларын еркін түрде жеткізе алды.

143 топтағы тренинг көңілді өтті. Студенттермен  бірнеше ойын ойнатылды. Әр студент өзін ерекше қырымен таныстырды.  Әр бір жаттығуда студенттер өздерінің шығармашылықтары мен жеке ерекшеліктерін көрсетті.

Кері байланыс ретінде алынған анкеталық сауалнама негізінде осындай тренингтер жиі өткізіліп тұрса деген тілектер білдірді және тренинг өте жақсы деген жоғары пікірлер болды.

Психологпен осындай жағдайда танысу студенттермен ары қарайғы тығыз өзара қатынасқа ықпалын тигізеді. Психологты сенім атмосферасында жақын біліп, студенттер кейін жекелей көмекке, индивидуалды консультацияларға келуге юолатындығын түсінді.

                

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқу процесі