Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы

Ішкі аурулар кафедрасының профессор-оқытушылар ұжымы мен Семейдің ММУ ЖМФ 417, 419, 421, 424, 426, 428, 429 және 430 топ студенттерімен біріге отырып Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауын 2018 жылдың 5 сәуірінде кеңінен талдады.

2018 жылдың 5 наурызында Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан халқына Жолдау жасап еліміздің рухани жаңғыруы, әлеуметтік мемлекет пен ұлттық даму жолында прагматикалы және шынайы қазақстандық моделін үшін «Президенттің 5 әлеуметтік бастамалары» ұсынды. Бұл бастамалар «Әр отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етудің жаңа мүмкіндіктері», «Төменгі жалақы алатын жұмысшыларға жалақысын арттыру мақсатында салықтық салмақты азайту», «Жоғарғы білім алудың қолжетімдігі мен сапасын арттыру мен студент жастардың тұрмыстық жағдайын жақсарту», «Ұсақ несиелеуді кеңейту» және «Елді одан әрі газдандыру» жатады.

Осы бағдарламаны іске асыру жаңадан жұмыс орындарын ашуға, еліміздің одан әрі экономикалық өсуін дамытуға мүмкіндік бере отырып, «Әлеуметтік мемлекет» туралы конституциялық норманы жаңа нақты мағынада толтыруға мұрсат береді. Бұл бастамалар еліміз тұтас, қоғамымыз тұрақты болса ғана табысты жүзеге асады. Ал, ел бірлігі – ең бірінші, ол – қазақтың бірлігі. Жаһандық көштің басында жүретін мерейлі ел болу үшін бірлік пен ынтымақ алдымен өзімізге,  қазаққа керек. Ол тарихтың өзі дәлелдеген ақиқат – халқымыз бірлікте болса күшейген, бірлігі қашса әлсіреген. Яғни біріккен біртұтас ел – ол әлеуметтік ел, ал тұтасқан мемлекет – ол әлеуметтік мемлекет болады. Сондықтан, өз қоғамымыздың біртұтас болуы үшін нақты шаралар жасалуы тиіс.Бұл шаралар барлығымызға және әр азаматымыз жеке-дара сезінетін болса ғана қоғамымыз ары даму мүмкіндігіне ие бола алады. Бұл халық игілігіне бағытталған әрі тиімді, әрі оптимистік шынайы жоба.

Сондықтан, біз, ішкі аурулар кафедрасының қызметкерлері мен Семейдің ММУ ЖМФ 4 курс студенттері Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауын қолдаймыз және өзіміздің еңбегіміз мен оқудың жоғары деңгейі арқылы аталған бағдарламаны халық игілігіне және еліміздің өркендеуі жолында іске асыруға жәрдемдесеміз.   

 

Доцент Т.Е.Шаханов

Ішкі аурулар кафедрасы

 

Ішкі аурулар кафедрасының

меңгерушісі, м.ғ.д., профессор  Жұмаділова З.К.

Жарияланды: