«Дені саудың-жаны сау»

«Дені саудың-жаны сау»

Халқымыз қашаннан-ақ денсаулықты алдыңғы орынға шығарып, «бірінші байлық» деп есептеген. «Дені саудың-жаны сау» – дейді халық даналығы. Қазіргі қоғамымызда салауатты өмір салтына деген  көзқарас әлсіреп, темекі шегу, спирттік ішімдікке салыну, есірткі қолдану-медицинаның да маңызды мәселелері болып отыр.Осы мәселе бойынша 29.03.2018 күні  “Венера”жекеменшік көпсалалы  клиника мекемесінде “Балалар аурулары ”кафедрасында «жалпы медицина» мамандығының 433 топ студенттері арасында “Денім сау болсын”атты тәрбие сағаты жүргізілді.Тәрбие сағат екі топқа бөлініп,ойын түрінде 3 турдан өтті.Жалпы темекі,алкоголь,есірткінің қай елден, қандай мағынадан шыққаны және олардың ағзаға әсерін біле отырып, сонымен қатар жағдаяттарды талқылап шешіп,әр студенттің өз пікірі мен күрес шараларын тыңдап пікірталас ретінде қызықты өткізілді.

«Сау дене, азат ақыл, адал көңіл,

Үшеуімен бақытты болады өмір»  дегендей, өмірге адам болып келген соң, адам болып өту, өмірімізді мәнді де, сәнді өткізу, келешекке оң көзқараспен қарау – міндетіміз. Бұл өмірді дұрыс өткіземіз десек, салауатты өмір салтын ұстануымыз керек. Дені сау халық – бай халық, халқының дені сау болып тұрса, мемлекеттің де мықты болып тұрары сөзсіз. Жаны сұлу, тәні  сау ұрпақ, бізге аманат еткен тәуелсіз мемлекетіміздің алтын кілтін жоғалтпай, көк туын көкке қарай биік көтерейік!

 

Жетекші мұғалім: Мейірманова Зарина Қадылбекқызы

Дайындаған:   «жалпы медицина» мамандығының 433-топ студенті

                              Сұлтанбек Жанар Мейрамбекқызы

Жарияланды: