“Рухани жаңғыру – табысты ел болашағы” атты “Salauat Cup VI” Республикалық пікір-сайыс турнирі

“Рухани жаңғыру – табысты ел болашағы” атты “Salauat Cup VI” Республикалық пікір-сайыс турнирі

2018-жылдың 6-8 сәуір күндері ЖІК маманының жетекшілігімен Семей Медицина университетінің “Салауат” дебат клубының ұйымдастыруымен дәстүрлі “Salauat Cup” Республикалық пікір-сайыс турнирі өтті. Жыл сайын өтетін “Salauat Cup” турнирі осы жылы алтыншы мәрте ұйымдастырылып отыр. “Рухани жаңғыру – табысты ел болашағы” атты “Salauat Cup VI” Республикалық пікір-сайыс турнирі ерекше ұйымдастырылуымен және әділ төрешілігімен есте қалды. Жоғары деңгейде ұйымдастырылып отырған бұл шараның негізгі мақсаты – студенттердің ораторлық қабілеттерін шыңдап, тілге деген сүйіспеншіліктерін ояту, жоғарғы оқу орындары арасындағы ойы ұшқыр, дарындыларды анықтау болды. Осы турнирдің барысында дебатерлер өздерінің ұшқыр ойлы екенін тек пікір-сайыста ғана емес, Орталық саябақта ұйымдастырылған квесттен еш қиналмай өтуімен де дәлелдеді.

Аталған турнир Британдық Парламенттік Форматында 8 айналмалы роундтан тұрды. Тағы айта кететіні, осы турнирда “Б.П Дизайнерлік бала жобасын қолдайды”, “Б.П Гламуризация феминистік қозғалысқа пайдасынан қарағанда зиянын тигізуде деп есептейді” деген сияқты қызықты тақырыптар беріліп, өте тартысты ойындар көрсетті.

Бүгінде, аталған  ауқымды шараға облыс-аймақтардан қатысушылар көптеп келіп, жалпы саны 40-қа жуық фракция қатысты.

Жарыстың қорытындысына сәйкес “Конгресс” дебат клубының пікір-сайысшылары Қуаныш Молдақашев пен Қуаныш Заманбеков кубокты қоржындарына салды. Сондай-ақ, жүлделі екінші орынды Еламан Абдуманап пен Айнұр Тоқанова алды, “Парасат” ИДК-ның пікірсайысшылары Нұрбол Алибеков пен Данияр Бейсембековта өздерінің мықты дебатер екендігін дәлелдеп, үшінші орынды қанжығаларына байлады. Сонымен қатар, “Жастар” финалында Асель Масалимова мен Алуа Қасенова кубокты алды. Ликольн – Дуглас форматында “Ең үздік спикер” номинациясын Әмір Әзімхан жеңіп алды. Турнирдің барлық жүлдегерлері мақтау қағаздарымен марапатталып, кубоктар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Осы шараның ұйымдастырушылары Университет әкімшілігі мен қатысушыларға өз алғыстарын білдіреді.

Салауат” дебат клубы

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқушылар