Қала бойынша су тасқыны шайып өткен жерлердің бірі «Биологиялық орталық» ауласын жинастыруға көмек көрсету акциясы

Қала бойынша су тасқыны шайып өткен жерлердің бірі «Биологиялық орталық» ауласын жинастыруға көмек көрсету акциясы

Сәуір айының 04 күні Семей мемлекеттік медицина университетінен Университетіміздің ерікті волонтерлары ретінде жалпы медицина мамандығының 139, 144 топ студенттері жастар ісі бойынша комитеті мен ДДББ деканатының ұйымдастыруымен  Семей қаласы бойынша су тасқыны шайып өткен жерлердің бірі «Биологиялық орталық» ауласын жинастыруға көмек көрсету акциясына қатысты.  «Биологиялық орталық» алаңын жинастыруға жауапты ұйымдастырушылар студенттерді бірнеше топқа бөліп қар астынан қалған жапырақтарды тазалау, тыңайтқыштардағы өсімдіктерді отырғызу, жануарларды басқа торларға кіргізіп, олардың ескі орындарын жинастыру сынды жұмыстар берді. Студенттер жұмыстарын аяқтап болған соң хайуанаттар бақшасын аралап, қыс мезгілінен шыққан жануарларды тамашалап, шаршағандарын ұмытып, уақыттарын қызықты өткізді.  

ДДББ декан орынбасары Рымбаева Т.А.     

 

 

Жарияланды: