Дипломға дейінгі білім беру деканатында  өрт қауіпсіздігіне арналған дөңгелек стол

Дипломға дейінгі білім беру деканатында өрт қауіпсіздігіне арналған дөңгелек стол

10.04.20 ДДББ деканатында деканат қызметкерлерінің арасында «Өрт қауіпсіздігін сақтау» тақырыбында кезектен тыс дөңгелек стол өткізілді. Дөңгелек стол барысында декан Оразалина А.С. деканат қызметкерлеріне – еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі жайында оның, еңбек әрекеті үдерісінде қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын, өрттен адамдардың, мүліктердің, қоғамның қорғалу күйін қамтамасыз ететіндігі жайында тоқталып өтті.

Университеттегі әрбір қызметкер өрт қауіпсіздігін сақтау ережелерін қатаң ұстанып, оның міндеттері мен жауапкершіліктерін біліп жүру керек:

  • Өрт қауіпсіздігі талатарын сақтау;
  • Өрт болған жағдайда, адамдарды шығару мақсатында қосымша шығу есіктерін білу;
  • Өрт сөндіру құралдарының қай жерлерде орналасқанын білу;
  • Электр қондырғылары бойынша өрт қауіпсіздігін қатаң сақтау (күнделікті жұмыс орнынан кетерде барлық электр қондырғыларын толық сондіруді жіті қадағалау);

Дөңгелек үстелді қорытындылай келе  А.С.Оразалина  өрт қауіпсіздігін бұзу ережелері тіркелген жағдайда, ҚР заңымен бекітілген жауапкершілікке тартылатындығын ескертіп өтті.

 

ДДББ деканы Оразалина А.С.,

Декан орынбасары Рымбаева Т.А.

Жарияланды: