АНАТОМИЯЛЫҚ МҰРАЖАЙ

АНАТОМИЯЛЫҚ МҰРАЖАЙ

 11 сәуір  күні  жалпы медицина  мамандығының 147, 158 және 245 шетел топ студенттері  кураторы Б.Т.Шакировамен бірге  университеттің анатомиялық мұражайына барды. Семей сынақ полигонындағы ядролық сынақтарының  зардабы туралы біліп, анатомиялық мұражайдағы экспонаттарды көрді.  Студенттер  экскурсия кезінде қазақстандықтардың  ядролық  полигонға қарсы шығып,  жабылуына күш-жігерлерін   аямағанына өте қуанышты екенін айтты. Бірақ, сынақтардың  әсері ұзақ уақыт бойы сақталатыны белгілі.

  Анатомия кафедрасының оқытушысы Я.А Милюшина  мұражайдағы 3D үстелін  көрсетті.  3D үстелі бірінші курс студенттерінің қызығушылығын тудырды. Білім алушылар электронды   үстел арқылы  анатомия пәнін оңай және қызықты түрде оқуға болатынын білді. Студенттер заманауи технологиялар біздің барлық өмірімізде, күнделікті  тұрмыста, жұмыста, оқуда, тіпті әуесқойлықта  да қол жеткізуді жеңілдететіні туралы  пікір алмасты. Жоғары технологиялық құрылғылармен жабдықталған университетте оқып жүргендеріне қуанышты екендерін   жасырмады.

 

 147, 158, 245 топтарының кураторы,

қазақ және латын тілдері кафедрасының

оқытушысы Шакирова Б.Т.

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқушылар