«Президенттің бес әлеуметтік бастамасы»

«Президенттің бес әлеуметтік бастамасы»

Елбасы биылғы жылдың  наурыз айының бесінші жұлдызында  халыққа тағы бір ерекше «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» үндеуін жолдады. Қазақстанның әрбір азаматы үнемі Президент жолдауларын мұқият оқып, ой елегінен өткізіп және оның орындалуы барысында аянбай еңбек етіп келе жатқандары даусыз. Елбасы бағдарламасын жүзеге асыру және атсалысу мақсатында  04.04.2018ж. күні «Патологиялық анатомия және сот медицинасы» кафедрасының ұжымы және 3, 5 курс студенттерімен бағдарламаны талқылау жүргізілді.  Кафедраның оқу ісі меңгерушісі Жакипова. А.А. «Елбасының 5 әлеуметтік бастамалары» туралы толықтай түсіндіріп, жіктеп айтып өтті. Студенттер бағдарламаны талқылауға белсене қатысып отырды.  Елбасының жастарды және студенттерді қолдау мақсатында, білім грантының көп бөлінуіне және жатаханамен қамтамасыз ету бағдарламасына  өз ризашылықтарын білдірді.

Жарияланды: