65 жылдық мерей тойына орай Университетіміздің  ән-ұраның таңдау, Интро,Офис Коворкинг және университетке арнау суреттер сайыстарының  қорытындыларын салттанатты түрде жариялау кеш

65 жылдық мерей тойына орай Университетіміздің ән-ұраның таңдау, Интро,Офис Коворкинг және университетке арнау суреттер сайыстарының қорытындыларын салттанатты түрде жариялау кеш

Семей мемлекеттік медицина университетінің Абайтану ұйымының жетекшісі Жайрбаева Жаңанұр Қамбарқызы мен ДДО деканаты жане де университетіміздің ардагерлер кеңесі ұйымының төрайымы Куттыбаева Сандуғаш Толеугалиевна 2018 жылдың 5 сәуір күні Семей  медицина университетінің 65 жылдық мерей тойына орай Университетіміздің  ән-ұраның таңдау, Интро,Офис Коворкинг және университетке арнау суреттер сайыстарының  қорытындыларын салттанатты түрде жариялау кешін өткізді.

Кешке Семей қалалық мәдениет сарайының халықтық «Ойсана» ақындар орталығының жетекшісі, айтыскер, ақын Молдабеков Серік,  Семей қаласының жастар ресурстық орталығы КММ директоры Соғымбай Олжас, Абай театрының әдеби бөлім меңгерушісі Қарт Мерей, Семей жастар сарайының ұйымдастырушысы, айтыскер,ақын Сатыбалдин Манарбек қатысты. Кеш барысында «Жас ақындар жырлайды» атты ақындар сайысы өткізілді. Сайысқа университетіміздің Жалпы медицина, стомотология мамандықтарының 1-7 курс студенттері қатысты. Кеш соңында сайыс қорытындысы жарияланып, жеңімпаздар марапатталды. Кәсіподақ ұйымының жетекшісі Смайлов Н.С. қолдауымен жүлделі 1 орын иеленген жалпы медицина мамандығының 3 курс студенті Ғибрат Мамиге 5000 теңге, 2 орын иеленген жалпы медицина мамандығының 2 курс студенті Хафиз Гүлназға 3000 теңге, 3 орын иеленген жалпы медицина мамандығының 1 курс студенті Ұлан Үмітгүлге 2000 теңге көлеміндегі ақшалай сыйлықтар берілді.  «Лучшая видеозаставка» сайысының,Интро,Офис Коворкинг сайысының «Разроботка лучшего дизайна библиотеки» сайысының және университеттің 65 жылдық мерей тойына орай өткізілген суреттер сайысының  нәтижелері жарияланды. Кеш барысында «Атамекен», «Қазақ елі» әндері шырқалып, «Балбырауын» күйі орындалды.

 

Абайтану ұйымының жетекшісі Жайрбаева Ж.Қ.

Жарияланды: