«Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты ҚР Президентінің жолдауын талдау

«Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты ҚР Президентінің жолдауын талдау

28.03. 2018 жылы Университетте Елбасымыздың жаңа 2018 жылдың 10 қаңтары күні жариялаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауды талқылау ұйымдастырылды. Отырысқа Қазақстанның қазіргі заман тарихы және ЖББП кафедрасының оқытушылары мен қазақ тілі және латын тілдер кафедрасының оқытушылары қатысты.

ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауындағы 10 міндет атап көрсетілді:

  1. Индустрияландыру жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналуы тиіс.
  2. Ресурстық әлеуетті одан әрі дамыту.
  3. «Ақылды технологиялар» – агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту мүмкіндігі.
  4. Көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыру.
  5. Құрылысқа және коммуналдық секторға заманауи технологияларды енгізу.
  6. Қаржысекторын «қайтажаңғырту».
  7. Адами капитал – жаңғырунегізі.
  8. Тиімді мемлекеттік басқару.
  9. Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі.
  10. «Ақылды қалалар» «ақылды ұлт» үшін.

Отырыс барысында қатысушылардың ойы тыңдалды. Онда, «Елбасының биылғы жылғы Қазақстан халқына жолдауын қазақстандықтар бірауыздан қолдады. Себебі, жолдауда әрбір салалардың дамуына ерекше көңіл бөлінген, өзекті мәселелер қарастырылған. Жолдауда Казақстан азаматының алдына қойылған міндеттер көрсетілген, алда қойылған 10 міндетке жету үшін жұмылып еңбек жасауға халықтың дайын екеніне, ертеңіміз үшін бүгінгі күннен бастап  әзірлік жасау Елбасы Жолдауында әркез жеткізіліп келеді. Биылғы Жолдауда еліміздің жарқын болашағы үшін жасалған нақты жоспар деп білеміз»,- деген ойлар айтылды.

Сонымен қатар, латын әліпбиінің маңыздылығы мен артықшылығына да тоқталды. Бас қосу өз мәнінде, жоғары деңгейде өтті.

 

«Қазақстанның қазіргі заман тарихы және ЖББП кафедрасының» оқытушысы  Аманбекова Н.Д.

Жарияланды: