КҮЛКІ , ӘЗІЛ-ҚАЛЖЫН КҮНІ.

КҮЛКІ , ӘЗІЛ-ҚАЛЖЫН КҮНІ.

 2018 жылдың  12 сәуірінде Тағамтану және гигиеналық пәндер кафедрасының аға оқытушысы К.У.Кембаева, доцент Ш.М.Токешева,  оқытушылар М.Б.Бейсенгазина және Нуртазина С.К.  жетекшілігімен «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығының 401, 404 және 302 топ студенттері КММ «Қосалқы мектеп-интернатында» мерекелік іс-шара өткізді.

 Мектеп қабырғаларында бұл мерекелі күнде Чупа және  Чупс клоундардын  көмегімен  жақсы әуен, көнілді әндер, күлкі мен әзілдер естілді.  Интернат  тәрбиеленушілері барлық қызықты сайыстар  мен  көңілді ойындарға қатысты, көркемөнер номерлерін тамашалады. Мерекеге  қатысқан  барлық балаларға студенттер және оқытушылар атынан кеңсе тауарлары түрінде сыйлықтар табысталды, тәтті-дәмділер таратылды.

Мереке жарқын, естен кетпес әсер берді балалар кураторлық топ студенттерімен және оқытушылармен бірге сайыстарға белсенді қатысып, билеп, өлен айтты.

Мереке ұйымдастырушылары:  Тағамтану және гигиеналық пәндер кафедрасының доценті Ш.М.Токешева, аға оқытушысы К.У.Кембаева, оқытушылар М.Б.Бейсенгазина және Нуртазина С.К.

Жарияланды:
Рубрикалар: Қоғамдық өмір