Астанаға-20 жыл

Астанаға-20 жыл

 Сарыарқа төсінде Қазақ елінің тәуелсіздігінің нышаны іспеттес әсем қаламыз Астананың бой көтергеніне де 20 жыл толып отыр.Тарих үшін қас-қағым сәт болғанымен осынау аз ғана жылдың ішінде елордамыз дәулеті тасып, сәулеті асқан жер жаһандағы сұлу шаһарлардың біріне айналды.

Елбасы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына арнаған жаңа Жолдауында «2018 жыл – елордамыз Астананың 20 жылдығын атап өтетін мерейтойлы жыл. Бас қаламыздың қалыптасуы және Еуразияның маңызды даму орталықтарының қатарына қосылуы – баршамыздың ортақ мақтанышымыз», деп атап көрсетті.

2018 жылы 10-сәуірде Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы және ЖББП кафедрасының аға оқытушысы Т.А.Мұздыбаева басшылығымен және жалпы медицина мамандығының 133-топ студенттері ұйымдастырған ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» аясында  Бас қаламыз Астананың 20 жылдығына арналған «Астанаға-20 жыл!» атты интеллектуалды сайыс болып өтті. Осыған байланысты, бас қаламыз – Астананың 20 жылдық қалыптасу және қарышты даму кезеңі хақындағы ой-толғанысымызды ортаға салып ,  Астанамызбен бірге өсіп келе жатқан білімді ұрпақ екенін дәлелдейтін іс-шарамыздың басты мақсаты – ойы жүйрік, танымдық деңгейі жоғары, интеллектуалды студенттердің дарынын ашу, белсенділігін арттыру болды.

Жалпы сайыс 3-кезеңнен тұрды.

1-кезең атауы « Кім жылдам? »Топтар блиц сұрақтарға жауап берді.

2-кезең атауы «Білгенге – маржан».Ұсынылатын ұяшықтардан таңдап алынған сұрақтарға жауап беру.

3-кезең «Капитандар сайысы» деп аталды.

Бұл  сайымызда жалпы медицина, стоматология ,фармация,мейірбике ісі және қоғамдық денсаулық сақтау мамандықтары студенттері бәйгеге түсіп, жүлделі орындарға ие болды. Бас жүлдені жалпы медицина мамандығы 120-топ студенттері Мәдениетбекқызы Мархабат,Жанысбек Айнұр,Әділжанқызы Еркежан,  I-орын 131-топ студенттері Мұхтарова Аяжан,Хайратбек Арайлым, Дуғалиева Айдана,  II-орын 101-топ мейірбике ісі мамандығы студенттері Құдайбергенов Ринат,Әбдірайым Гүлдана, Серғазина Гүлдана,  III-орын 102-топ фармация мамандығының студенттері Амренова Дина, Ертаев Асылхан, ЕрланқызыАнель және арнайы жүлде иегерлері 105-топ стоматология мамандығы студенттері  Зарипова Ажар, Құрмашев Еламан, Антеев Айдын жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанды.

Тілеймін, о, туған жер, пейілім шың – деп тәуелсіз елімізге лайық еркін де шығармашыл, ізденгіш, білімді ұрпақ болып өсіңіздер. Тәуелсіздігіміз баянды болсын! Студенттеріміздің білімін, санасын, оқуға деген құштарлығын оятатын зияткерлік сайысымыз көбейе берсін!

 

 Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы және ЖББП кафедрасының аға оқытушысы Т.А.Мұздыбаева

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқу процесі