ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕГІ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕГІ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

 2018  жылдың 11 сәуірінде Семей қаласының  Достық үйінде «Ғашықтар күніне» арналған   дөңгелек  үстел өтті. Талқыланған тақырып: «Махаббат-этногенезі». Аталған іс-шараға  «Қыз Жібек» клубының мүшелері арнайы шақырылды, сондай-ақ  технологиялық  колледж және  М.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің  студент қыздары қатысты. Клубтың жетекшісі Г.Н.Табулдинова жергілікті  «Semei»  телеарнасына аталған тақырыпқа байланысты қысқа сұхбат беруден басталды. Дөңгелек үстелдің модераторы болған қалалық аналар Кеңесінің  төрайымы Моинбаева Н.А. Сонымен бірге бұл  іс-шараға №2 СВА психологы Балгазинова Ә.А., ШҚО бой   ынша жастар және балалар орталығы ассоциацияның  төрайымы Жунусова Э.Ә. қатысты. Дөңгелек үстел барысында әрбір қатысушы ғашықтар күні мерекесінің маңызы туралы өз ойларымен ашық  бөлісті. Оқу орындарынан келген жетекшілер  студенттерге арнайы дайындалған,  алдын  ала берілген сауалнама  сұрақтарының   жуаптарын  баяндап өтті. Кездесу соңыңда психолог-маман студенттерге  махаббат жайлы қызықты  тренинг өткізіп,  барлық қатысушылардың  көңілінен шықты. «Махаббат дүниедегі барлық күштің көзі, барлық қуаттың бұлақ-бастауы.Онсыз еш жерде жеңіс жоқ» дейді Ә.Нұршайықов. Осы   жеңіске жете берейік, ағайын!

 

«Қыз Жібек» клубының жетекшісі Табулдинова Г.Н. 

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқушылар