«Еңселі Елорда, асқақтаған Астана»

«Еңселі Елорда, асқақтаған Астана»

«Еңселі Елорда, асқақтаған Астана». Бүгін біз осындай қасиетті сөздерді құрметпен, бойымызға біткен ұлтшылдық сезіммен көкірегімізді керіп, басымызды көтеріп, аса мақтанышпен айта аламыз. Себебі, Арқаның төрінде сылдырап аққан Ерке Есілдің жағалауында орналасқан айбынды Астанамыз бүгінде 20 жасқа толуда.

Еліміздің киелі Ордасы – Астананың мерейтойына орай, Семей Медицина Университетінің қабырғаларында көптеген іс-шаралар өткізілуде. Соның бірі – ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтің "Болашаққа бағдар: Руxани жаңғыру" аясында өткізілп отырған "Астанаға 20 жыл"  атты интеллектуалды сайысы. Сайыс сәуірдің 10 жұлдызында, "Жалпы Медицина", "Стоматология", "Фармация", " Мейірбике ісі" факультеттерінің 1-курс студенттері арасында өткізілді.

Сайыс уәде еткен мақсатына жетіп, жоғары дәрежеде өтті. Сынға түскен біршама топтар арасында, "Жалпы Медицина" факультетінің 120-топ студенттері жүзден жүйрік атанды. Бас жүлде иемденген 120-топ, құттықтау қағаздарымен марапатталды, шағын сыйлықтармен де қуантты.

Тариxы зор еліміздің Астанасының даму жолын көрсете білген, тариxты қастерлеген, ұйымдастырушы ұжым:  "Қазіргі заманғы Қазақстан тариxы және ЖББП" кафедрасының аға оқытушысы – Муздыбаева Толқын Абдығалымовнаның бастауымен ұйымдастырылыған сайыс үшін алғысымызды білдіреміз!

 

Мереке құтты болсын, бейбітшілігіміз мәңгілікке ұлассын!

Топ кураторы: Мұздыбаева Т.А

Хаттама авторы: 120-топ студенті – Толқынбекова А.Б

Жарияланды: