Семей қаласы ММУ-не 65 жыл толуына орай,   Мектеп, лицей және гимназия түлектеріне арналған  «Семей қаласының мемлекеттік медицина университеті – Қазақстанның денсаулық маржаны» атты ұранмен өткізілет

Семей қаласы ММУ-не 65 жыл толуына орай, Мектеп, лицей және гимназия түлектеріне арналған «Семей қаласының мемлекеттік медицина университеті – Қазақстанның денсаулық маржаны» атты ұранмен өткізілет

Семей қаласының мемлекеттік медицина университет осындай шараларды өткізуде мол тәжірибеге ие, биология пәнінен 10 қалалық және алты облыстық олимпиада өткізген.

Оқушылар олимпиадасы – оқушылардың білімі мен шығармашылық дарынын бағалаудың ерекше тәсілі. Биологиялық олимпиада осы пәнге қызығушылығы бар оқушыларды біріктіреді.

Облыстық олимпиаданың мақсаты: биология пәні бойынша оқушылардың ақпараттану дәрежесін, олардың интеллектуалдық даму деңгейін, логикалық ойлау дағдысын тексеру.

Олимпиада мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде өткізіледі. Қатысушылар саны – 300-ден артық.  Олимпиада 1 турдан тұрады жазбаша тестілеу түрінде өтеді.  Тест сұрақтары орта мектептің биология пәні бағдарламасының төмендегі бөлімдерін қамтиды: ботаника, зоология, анатомия және адам физиологиясы, жалпы биология, жалпы және медициналық генетика.

Жазбаша тестілеу Семей қ. ММУ бас ғимаратында өтеді, мектеп бағдарламасының әртүрлі бөлімдерін қамтитын  І, ІІ, ІІІ деңгейлі 50 тест сұрақтарынан, ситуациялық есептерден тұрады, сонымен қатар логикалық ойлауға негізделген .

Жазбаша тестілеуге үзіліссіз 80 минут  беріледі. 

Олимпиада әлемнің ғылыми сипатының негізі ретінде экологиялық және генетикалық сауаттылықты, салауатты өмір салтының қағидалары мен ережелерін, биологиялық объектілерді, үрдістер мен құбылыстарды сипаттау, тану, анықтау, салыстыру, түсіндіру және сараптауда жалпыбиологиялық білімді және «Биология – тірі табиғат туралы ғылым», «Жасуша – биологиялық жүйе», «Ағза – биологиялық жүйе», «Адам және оның денсаулығы», «Органикалық әлем эволюциясы», «Молекулалық биология және генетика», «Сапалы ұзақ жасау мәселелері» тараулары бойынша қорытындылар жасау дағдыларын тексеруге бағытталған.

Биология пәнінен олимпиада пән бойынша оқушылар білімінің  сапасын бағалауға және қатысушылардың жоғары оқу орнына түсу, оқу орны қабырғасында шығармашылық өсуі үшін дарындылық деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.

Семей қ. Мемлекеттік медициналық университеті классикалық үлгідегі медициналық жоғарғы оқу орын емес. Ол  жергілікті және аймақтық көрнекті орын, дәстүрлер жалғастығы мен сенімділік нышаны.

ЖОО – ның ұраны: «Семей қаласының мемлекеттік медицина университеті – Қазақстанның денсаулық маржаны».

ЖОО-ында негізгі екі бағыт бар: Халықаралық білім беру алаңына ену және Сапалы білім беру.

Семей қаласы мемлекеттік медициналық университетінің миссиясы –Қазақстан тұрғындарының денсаулығын жақсартуда  әлемдік білім, ғылым және клиникалық тәжірибелерде өзара бірлесіп кәсіби деңгейі жоғары, бәсекелестікке қабілетті медициналық мамандарды дайындау.

ЖОО қарқынды дамуда, қазір ол – көп салалы университет және Шығыс Қазақстан мен Павлодар аймақтарында медициналық, білім беруші және мәдени орталық. Бұнда оқу орны профессорларының, оқытушыларының және қызметкерлерінің үлесі зор, олардың ішінде 35- ғылым докторлары, 150-тан астам ғылым кандидаттары, әртүрлі академиялардың академиктері мен корреспондент- мүшелері бар.

Студенттерді оқыту мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде жүреді.

Елдегі медициналық ЖОО ішінде алғаш Семей қ. ММУ ағылшын тілінде оқытуды бастады.

Университеттің стратегиялық мақсаты – Қазақстанның әлемдік қоғамдастықпен интеграциясы  талабына сай еңбек ете алатын бәсекелестікке қабілетті медициналық және фармацевт мамандарды дайындау.

 

Олимпиаданың күн тәртібі:

  1. Тіркелу уақыты 21.04.2018 ж. 9.00-де басталады. ШҚО, Семей қаласы, Абай көшесі 103 үй. Семей мемлекеттік медициналық университетінің бас ғимараты. Акт залы.
  2. Ашылу – 21.04.2018 ж. 10.00 сағ. Бас ғимарат. Акт залы.
  3. Тестілеу – 10.30-дан 12.30-ға дейін.
  4. Жабылу – 13.30 Акт залы

 

Жауаптылар: Молекулалық биология және микробиология кафедрасының меңгерушісі,  б.ғ.д., профессор   Мынжанов Максут Рахимович (molekbiol@yandex.ru.)  ұялы б.тел. 8 777 578 11 60

Даурен Ерланулы –қабылдау комиссиясы бөлімінің әдіскері

Байланыс телефондары: 8(7222) 52-27-47, факс: 8(7222) 56-97-55

Семей қаласы ММУ-нің қабылдау комиссиясы.

Электронды пошта:

e-mail:   smu_pk@med.mail.kz        

www.ssmu.kz  

 

 

 

Жарияланды: