Күзет қызметі мен қауіпсіздік бастығы және техникалық қауіпсіздік инженерімен кездесу

Күзет қызметі мен қауіпсіздік бастығы және техникалық қауіпсіздік инженерімен кездесу

Қазіргі таңда өмірқауіпсіздігі негіздері қоғамда өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Барлығымыз кез келген сәтте төтенше жағдайға тап болып, қауіпті жағдаймен  бетпе-беп келуіміз мүмкін. Сондықтан әр адам түрлі күрделі  және өмірге қауіп төндіретін жағдайларға тиісті дәрежеде  дайын болып,  қарапайым дағдыларды үйренуі қажет. Осы мақсатта  06.04.18 күні университеттің №7 жатақханасы тұрғындары мен техникалық персоналына жиналыс өткізілді. Жиналысты уиверситеттің күзет қызметі мен қауіпсіздік бастығы М.Т.Турлыбаев пен техникалық қауіпсіздік инженері Д.Г.Куликов өткізді. Жиынға студенттерді жұмылдырып, ұйымдастыру жұмыстарын   жатақхана коменданты А.А.Қонақбаева мен ДДББ деканы орынбасары А.Ш.Жылқыбаева атқарды.

Күзет қызметі мен қауіпсіздік бастығы «Төтенше жағдай туындаған кездегі іс-әрекет нұсқаулығы» бойынша негізгі мәліметтермен таныстыра отырып, әр қызметкер атқарып отырған лауазымына қарамастан тағайындалған іс-әрекет тәртібін нақтылы білуі және орындауы, өмірі мен денсаулығына  қауіп келтіретін әрекеттерді болдырмауын ескертті.

Техникалық қауіпсіздік бойынша инженер Д.Г.Куликов өртке қарсы кіріспе нұсқаулықпен таныстырды, тәжірибе жүзінде өртсөндіргіш құралды қолдану ережесін көрсетті. Авария қызметі келгенге дейін, мүмкіндігінше болған апатты немесе тұтануды жою, жапашекендерге көмек көрсету шаралары жайлы айтып өтті. Қауіп төнген жағдайда ғимараттан эвакуациялық есік арқылы шығу мүмкіндігін қолдану  айтылды.  Өрт қауіпсіздігіне қатысты студенттердің, персоналдың білімдерін тексеру мақсатында: «өртті сөндірудің әдістері қандай?», «күйіп қалудың қандай түрлері болады?», – деген сұрақтар қойды.

Қорыта келе айтарымыз өміріміз шуақты, ешқандай қауіпті жағдайлар болмасын деп тілейміз!

 

ДДББ деканы орынбасары А.Ш.Жылқыбаева

№7 жатақхана коменданты А.А.Қонақбаева

 

 

Жарияланды: