«Үштілділік үлкен әлемге жолдама» атты дөңгелек стол

«Үштілділік үлкен әлемге жолдама» атты дөңгелек стол

19.04.2018ж жалпы дәрігерлік тәжірибе кафедрасының қызметкерлерімен асс.Слямханова Н.С., доцент а.қ.Темиртасова Ж.О., асс.Нуржанова А.Е 5 курс ЖМФ студенттеріне «үштілділік үлкен әлемге жолдама» атты дөңгелек стол өткізді. Біздің елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: « Қазақстан азаматтары 3 тілді білу керек – қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі. Үш тілді білу біз үшін стандартты тәжірибе болу керек. Біз балаларымызды мектептің 1 жылынан бастап барлық тілдерді оқытамыз» -деп айтты. Назарбаев барлық Қазақстан азаматтары ұлттық тілді білуге ұмтылу керек. Орыс тілі – бұл біздің үлкен көршіміздің тілі және БҰҰ-ның алты тілдерінің біреуі. Бұл тілдер ұлы мәдениетке қол жеткізуге мүмкіндік береді. Сондықтан біз бұл туралы  ұмытпауымыз керек немесе оны тастамауымыз керек. Кез келген тіл адамға бір нәрсе әкеледі. Біз әлемдік аренаға шығу үшін, ағылшын тілін білуге мұқтажбыз. Әлемде 10 млн-нан аса кітаптар жарияланады және солардың 85 % ағылшын тілінде. Бүгінгі күнде барлық жаңашыл зерттеулер мен ақпараттар ағылшын тілінде жарияланады. Қазақстанда 3500 шетелдік компаниялар бар және солкомпаниялармен байланыс жасау үшін  Қазақстан азаматтарына ағылшын тілін білу міндетті. Үштілділік – біздің ұлы еліміздің барлық азаматтарының теңдестігіне деген оңтайлы жол.     

 

Жарияланды: