Мұражайға саяхат

Мұражайға саяхат

2018 жылдың  cәуір айының 19-да 258 топ студенттері  кураторы Г.Н.Табулдиновамен бірге Семей қаласының облыстық  тарихи-өлкетану мұражайына саяхат жасады.   Еліміздегі көне мұражайдың  бірі   1883 жылы саяси жер аударылған орыс демократтары  Е.П. Михаэлис, М.И. Долгополов, П. Д. Лобановский және қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың бастамасымен құрылған болатын.

Ежелгі дүниеден  бүгінгі күнге дейінгі Семей өңірінің тарихын көресетін музей экспозициясы анфиладамен жасалған жеті залда орналастырылған. Экскурсия кіре берістегі Абай облысының картасынан басталды. Мұражайдың әрбір  жеті залын аралап шыққан студенттер біздің аймақтың ғажап тарихын біліп шықты.  Сонымен бірге студенттер Семей өңірінің археологиясы, табиғаты жайлы, сонымен бірге этнография залында ғасырлар бойы қалыптасқан  қазақ халқының дүниетанымын, бай  материалды және рухани мәдениетін айқындап берген этнографиялық материалдармен танысты. Өңіріміздің ғылыми және мәдени жетістіктері және өндірісі де туралы көп мәлімет алды. Мұражайға жасалған бұл саяхат шетелдік студенттерде тамаша  әсер қалдырды.

 

258 топ кураторы Табулдинова Г.Н. 

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқушылар