Шетел студенттерінің қалалық сенбілікке қатысуы

Шетел студенттерінің қалалық сенбілікке қатысуы

2018 жылдың 21-ші сәуірінде шетел бөлімінің 1 курс студенттері және топтардың кураторлары аға куратор Құдайбергенова Ж.М. басшылығымен қалалық сенбілікке қатысты.

Сенбі күні университетке жататын аумағының – Ертіс жағалауының тазартуынан басталды. Бүкіл аумақ топтар арасында бөлінді. Бірінші курс студенттері құрғақ қоқыс, былтырғы жапырақтар мен шөптерді, ескі ағаш бұтақтарын жинады. Бірнеше сағаттық белсенді жұмыс ішінде, аумақтың маңызды бөлігі тәртіпке келтірілді. Студенттер тәртіптілігінің жоғары деңгейін көрсетіп, қажетті жұмыстарды ынта-жігермен орындады.

Осылайша, студенттер мен кураторлар қалаға пайда жеткізді де, сонымен бірге тамаша және көңілді уақыт өткізді. Олардың үйлесімді жұмысының арқасында Ертістің жағалауы мен біздің қаламыздың көшелері жақсарып және тазарып кетті. Осы сенбілікке қатысқандардың барлығына рахмет! 

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқушылар