Университетіміздің 65 жылдығына арналған «Патриоттық әндер» сайысы.

Университетіміздің 65 жылдығына арналған «Патриоттық әндер» сайысы.

Сәуір айының 18-ші жұлдызында Семей қаласының Мемлекеттік Медицина Университетінің 2-ші дәріс залында Стоматологиялық пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен  «Патриоттық әндер» кеші өтті. Бұл шара  «Болашаққа бағдар-Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында,Университетіміздің 65-жылдық мерейтойына арналып өткізілді. Жалпы байқауға стоматология мамандығының барлық курс студенттері қатысып,олардың ішінде:1 орын– 3курс студенттері, 2 орын – 4 курс студенттері, 3 орын – 5курс студенттері иеленіп, арнайы сыйлықтар мен мадақтамалармен марапатталды.

Байқау арасында көрермендерге Университет тарихы жайлы викториналық сұрақтар қойылды.Кафедра меңгерушісі Абралина Ш. Ш. айтуынша, мұндай іс-шаралар студенттерді болашақта тек білімді, сапалы дәрігер ғана емес,сонымен қатар мәдениетті тұлға ретінде де қалыптасуына үлкен септігін тигізеді.

Өте қызықты өткен бұл байқаудың соңында,кештің басты ұйымдастырушылары – ортопедиялық стоматология курсының оқытушылары Калиханова Қ.Е., Абралина А.Ч.,Саимова А.Ж., Берекенова Г.А., Кабдыканов С.К. 402 және 406 стоматология топтарына алғыстарын білдірді.

Ақпаратты дайындаған ассистент Калиханова Қ.Е.

 

Жарияланды: