АЛҒАШҚЫ  СЕНБІЛІК

АЛҒАШҚЫ СЕНБІЛІК

21- сәуірде сенбілікке шетел  бөлімінің 147 және 158 топ студенттері алғаш  рет қатысты. Студенттер қаланы тазарту идеясына қызығушылық танытты, өйткені қаламыз ортақ үйіміз. Қаламызды   қоқыстан тазалау жылына екі   мезгілде өткізіледі. Жыл мезгілінде  болатын қалалық сенбілікке университеттің  студенттері мен оқытушылары  да қалыс қалмайды.

Шетел бөлімінің студенттері таңертең сағат  8: 30-да университеттің ауласына жиналып,   сыпырғыш, күрек, тырнауыш, қоқыс қаптарын алып, Ертіс жағалауында бөлінген  аймақы бір кісдей тазалады. Сенбілік кезінде  кейбір студенттер    дала  жұмыстарын істемегендіктен бір-біріне  үйретіп, көмектесіп  белгіленген тапсырманы уақытында орындады. Сенбілік қызықты, көңілді өтті. Сенбіліктен кейін студенттер өзен жағалауында серуендеп, суретке  түсті. Студенттер сенбілік жұмыстарының өз елдерінде өткізілмейтініне  өкініш білдірді.

 

қазақ және латын тілдері кафедрасының оқытушысы,

147, 158 топтарының кураторы, Б.Т.Шакирова

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқушылар