НУ ОРМАН ШҮЙГІН ЫРЫСТЫ БЕЛІ

НУ ОРМАН ШҮЙГІН ЫРЫСТЫ БЕЛІ

Елжандылық -кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе деген сүйіспеншіліктен басталады. Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында «Туған жер» атты бағдарламасы ұсынылған болатын. Осы бағдарламаның аясын кеңейтіп, «Туған елге» ұластыруды мақсат етті. «Жусан иісі аңқыған, туған жерді сағындым» деген ән жолдары иісі қазақ жұрты үшін туған жердің қадірінің жоғары екенін көрсетеді. Қазақ даласының құнарлы төрі – кез-келген жанға ұнап қана қоймайды, ол әр адамға жұмақ мекендей.

Ауасын жұтсаң жетелеп алға армандар,

Қарасаң сыршыл жаратылыста талғам бар.

Маңғаз далаға сұлулығымен сән берген

Қорғандай берік, жайқалған жасыл ормандар,- деп ақын  жолдарында айтылғандай осы туған жерімізге келгенде, жұмақ бағына келгендей  болу үшін даламызды көркейту жолында жұмыстар атқару керек екенін ұмытпауымыз керек. Туған жерге, ерекше іңкәрлікпен атсалысу – шынайы елжандылықтың маңызды көріністерінің бірі.

«Туған жер» бағыты бойынша ұсынылған жұмыстардың  бірі елді мекендерді  абаттандыруға баса мән беру болып табылады. Осы мақсатта Семей медицина университетінің ректоры Е.Т.Жүнісовтың бастауымен «Семей орманына» табиғи орман резервіне қарасты Аксары елді мекеніне жас қарағай отырғызуға 2018 жылдың 21-22 сәуірде студенттер аттанды.  21 сәуірдегі негізгі жұмысқа университет басшылығымен қатар, ДДББ деканының орынбасары Жакупбекова Э.А.,(118,141 топтар) Жастар ісі комитетінің маманы Күлгімбаева А.Ш.,  Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы және ЖББП кафедрасының аға оқытушысы, 135 топ кураторы Купанова С.А. мен м.ғ.д., проф. С.О.Тапбергенов атындағы биохимия және химиялық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, 256 топ кураторы Олжаева Р.Р. жауапты болды.  22 сәуірде 120, 133,134, 144 топпен қатар, 5 курс шетел бөлімінің студенттері қарағай егу жұмысын жалғастырды. Оларға бас-көз болып университет басшылығымен бірге, ДДББ деканының орынбасары Жылқыбаева А.Ш. мен Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы және ЖББП кафедрасының аға оқытушысы Мұздыбаева Т.А. барды.

Ағаш егуге арналған құрал жабдықтармен қаруланған студенттер легі асқан белсенділікпен қарағай егу жұмысына кірісті. Шамамен алған егу жұмыстарының екі күнінде 2000-нен астам жас қарағай отырғызылды. Студенттер қауымы үшін бұл баға жетпес тәжірибе ғана емес, өлкеміздің барлық сұлулығын көруге және біздің өңіріміздің экологиясын жақсартуға үлес қосудың тамаша мүмкіндігі болды! Жұмыс соңында студенттердің жүзінен шаршағандықпен қатар,  игілікті іс атқаруға үлес қосқан сезімге марқаю белгісін көруге болды.

Осындай жұмыстарға студенттерді тарту арқылы олардың елжандылық сезімін күшейтуге көмектеседі деуге болады.

                                           

Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы кафедрасының

аға оқытушысы, 135 топ кураторы Купанова С.А.

Жарияланды: