«Мен өз елімнің патриотымын!»

«Мен өз елімнің патриотымын!»

2018 жылдың  сәуір айының  17-і  күні жалпы медицина мамандығында білім алатын 3-курстың, 325 топ студенттерімен тәрбиелік сағат өтті. Тәрбиелік сағаттың тақырыбы: «Мен өз елімнің патриотымын!»

Тәрбиелік сағаттың мақсаты: Отанды сүюге, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілігін арттыруға, халқымыздың салт- дәстүрін сақтап, әрі қарай жалғастыруға, болашақта Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді тұлға қалыптастыру, студенттерге сөйлеу мәдениетін, тілдерін дамыту.

Жалпы патриот деген кім, патриотизм дегенді қалай түсінеміз?

Осы сұраққа әр студент өз ойларын, пікірлерін білдіріп өтті.

Патриот – Отанын, халқын, жері мен суын шынайы сүйетін, халық мүддесі үшін бар күш-жігерін, қабілетін аямайтын адам. Олар – өз Отанының жалынды патриоты. Өз Отанын, халқын шексіз сүюшілік – барша күш-жігерін Отан мүддесіне арнаған адамға тән терең сезім.

Б.Момышұлы: «Патриотизм – Отанға деген сүйіспеншілік». Патриот – адамдардың өз Отанына деген сүйіспеншілігі мен адалдығын көрсететін сезім. Ол адамның өз Отанын күшті де айбынды етіп көрсетуге және гүлдендіруге ұмтылумен сипатталады. Патриоттық сезімі – өз халқының әлеуметтік, мәдени жеңістері үшін мақтану, оның жауынгерлік және еңбек дәстүрлеріне ұқыптылықпен қарау. Патриоттық тәрбие, ең алдымен, әрбір жеке тұлғаның ата – анасын, туған – туыстарын жақсы көруден басталады.  Өз баласына жақсы тәрбие беру кез келген адамның міндеті, мейлі ол мұғалім, мейлі ол жұмысшы, дәрігер, не тағы басқа маман иесі болсын. Қоғамда парасатты, адамгершілігі жоғары бала тәрбиелеу- кез келген адамның міндеті болуы тиіс.

Абай атамыз айтқандай: «Бүгінгі жастардың дүниенің кетігін тауып, қалануды көздеу», қоғамдық өмірден қол үзбей, өз елін сүюге, өз елінің тұрмыс – тіршілігін, салт – санасын, әдет – ғұрпын білуге тәрбиеленуі – нарықтық кезеңде маңызы жоғары тұрған зор міндеттердің бірі. Осы тәрбиенің ең маңыздысы – студенттерге  патриоттық тәрбие беру.

Физиологиялық пәндер кафедрасы

Топ жетекшісі: Шакабаева  А. А.

ЖМ 325-топ студенттері

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқушылар