«Өзін-өзі басқару күні»

«Өзін-өзі басқару күні»

2018 жылдың 20 сәуір күні Семей қаласының Мемлекеттік Медицина Университетінде «Жалпы медицина» мамандығының 1-курс студенттері үшін «Өзін-өзі басқару күні» өтті. Бұл күн жоғарғы курс студенттеріне  өздерін кафедра меңгерушілері, оқытушылар ретінде сынап көруге мүмкіндік берді. Шараның басты мақсаты – студенттердің ұйымдастырушылық қабілеттерін жетілдіру, болашақ оқытушылардың кадрлық резервін қалыптастыруға жағдай жасау болды.

Профессорлық-оқытушылық құрамның дублерлері ретінде студенттер 1-курс студенттеріне дәріс, практикалық сабақтар өткізіп, бұл шараға үлкен жауапкершілікпен белсене қатысты. «Өзін-өзі басқару күнін» өткізу студенттерді іскерлік тұрғыда өзара қарым-қатынаста болуға, жауапкершілікке баулуға септігін тигізеді.

Бұл шара қызықты өтіп қана қоймай, студенттер үшін айтарлықтай пайдалы болды. Шараға қатысқан әр студент тәжірибе жинап, жағымды эмоциялар алды.

«Жалпы медицина» мамандығының 240-топ студенті, студенттік декан Жаныбеков Ерасыл

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқушылар