Қазақ тілі пәнінен Олимпиада

Қазақ тілі пәнінен Олимпиада

21 сәурде шетел бөлімінің 147,158 топ студенттері қазақ және латын тілдері кафедрасы ұйымдастырған  қазақ тілі пәнінен  өткен олимпиадаға  Азмат Рафик, Нимра Шаббир, Наджмус Сакиб, Ришав Кумар, Мохан Кумар, Шарма Рохит Кумар, Бхарат Сингх, Кхан Имтиаз қатысты.Студенттер олимпиадаға жақсы дайындалды, өткен тақырыптарды қайталап, диалогтарды құрастырып, қазақ тілінде өлең оқып, ән айтты.

Кафедра олимпиаданы өте жақсы ұйымдастырды. Үш кезең бойынша үш аудитория бөлінген, әділ нәтижелер үшін шетел бөлімінің жоғары курс белсенді студенттер арасынан Махеш Бишной, Панкадж Ядав, Омпракаш шақырылды. Сонымен,  әр кезенде әр аудиторияда екі оқытушы  бір студенттен  үш әділқазы болды. 158 топ судентті Нимра Шаббир екінші орынға ие болды. Женімпаздарға мадақтамалар, ақшалай сыйлықтар берілді. Басқа қатысушыларға да  алғыс хаттар берілді.

Қазақ және латын тілдері кафедрасының оқытушысы,

147, 158 топтарының кураторы

Шакирова Б.Т.

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқу процесі